"Май ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 103/3 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 сәуірде № 4450 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 127/7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 03.07.2017 № 127/7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Май ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Май ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.

      2. "Май ауданының ветеринария бөлімі" мелекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес қажетті іс-шаралар қабылдансын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасарына М.Е. Ахамбаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Ысқақова

  Май ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "31" наурыздағы
№103/3 қаулысымен
бекітілді

“Май ауданының ветеринария бөлімі”
мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. “Май ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесі Май ауданының аумағында ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Май ауданы аумағындағы мемлекеттік органы болып табылады.

      2. “Май ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. “Май ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. “Май ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. “Май ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. “Май ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттік атынан азаматтық-құқықтық қатынастардын тарапы болуға құқығы бар.

      7. “Май ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен “Май ауданы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. “Май ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. “Май ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140800, Май ауданы, Көктөбе ауылы, Аблайхан көшесі, 32/1.

      10. “Май ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі келесі тәртіпте белгіленеді: сағат 9.00-ден 18.30-ға, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, аптасына бес жұмыс күн, демалыс күндері: сенбі - жексенбі.

      11. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы “Май ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде государственное учреждение “Отдел ветеринарии Майского района”.

      12. Павлодар облысы Май ауданының әкімдігі тұлғасында “Май ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы мемлекет болып табылады.

      13. Осы Ереже “Май ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      14. “Май ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру аудан бюджеттен жүзеге асырылады.

      15. “Май ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен “Май ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер “Май ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттін кірісіне жіберіледі.

2. “Май ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінің
миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

      16. “Май ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінің миссиясы: ветеринариялық–санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

      17. “Май ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінің мақсаты ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

      18. “Май ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні:

      1) халықтың денсаулығын, жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау;

      2) ветеринариялық–санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

      3) тиісті Май ауданы аумағынан басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау;

      19. Негізгі міндеттері:

      1) жануарларды аурулардан қорғау және оларды емдеу;

      2) жеке және заңды тұлғалардың ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыру кезiнде, қоршаған ортаны ластауын алдын алу және оны жою.

      20. Функциялары:

      1) облыстын жергiлiктi атқарушы органына бекiту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудын санитариялық аймақтарының шекараларын белгiлеу жөнiнде ұсыныстар енгізу;

      2) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;

      3) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;

      4) мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

      5) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;

      6) жануарларды өсіруді, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өндеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем-шөп пен жем-шөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;

      7) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өндеу;

      8) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өнделген жануарлардын, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;

      9) аудан аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті Май аудандық аумақтық мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бас инспекторының карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы ұсыныстарды ауданның жергілікті атқарушы органдарға енгізу;

      10) аудан аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін, тиісті Май аудандық аумақтық мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бас инспекторының шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы ұсыныстарды ауданның жергілікті атқарушы органдарына енгізу;

      11) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлердің тізімін бекіту;

      12) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      13) эпизоотиялық ошақтар пайда болған жағдайда оларға тексеру жүргізу;

      14) эпизоотологиялық тексеру актісін беру;

      15) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталу тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру:

      ішкі сауда объектілерінде;

      жануарларды өсіруді, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өндеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем-шөп пен жем-шөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);

      ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарда;

      экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті Май ауданынан орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;

      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларынын қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарынын барлық түрлерінде, ыдыстын, буып-тию материалдарынын барлық түрлері бойынша;

      тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардын аумақтарында;

      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, өндейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардын аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асыру;

      16) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өндеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардын сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

      17) жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;

      18) аудан аумағында жануарлардын энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;

      19) уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жануарлардын аса қауіпті ауруларынын, сондай-ақ жануарлардын басқа да ауруларынын профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардын жүргізілуін ұйымдастыру;

      20) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;

      21) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және облыстын жергілікті атқарушы органына ақпарат беру;

      22) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды облыстық маңызы бар ауданның жергілікті атқарушы органына ұсыну;

      23) облыстын жергілікті атқарушы органына жануарлардын жұқпалы және жұқпалы емес аурулардын профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жөнінде ұсыныстар енгізу;

      24) облыстын жергілікті атқарушы органына профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардын энзоотиялық ауруларынын тізбесі жөнінде ұсыныстар енгізу;

      25) ветеринариялық препараттардын республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру;

      26) облыстын жергілікті атқарушы органына ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар туралы ұсыныстар енгізу;

      27) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;

      28) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы” Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудын басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдау, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;

      29) халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету;

      30) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.

      21. Құқықтары мен міндеттері:

      1) Ветеринария саласындағы мәселелерді жедел шешу және дамытудың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстарды аудан әкімдігі мен әкімінің қарауына енгізу;

      2) “Май ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелері жөнінде мемлекеттік органдардан, сондай-ақ басқа ұйымдар мен азаматтардан қажетті ақпаратты сұрату және алу;

      3) “Май ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесі құзыретіне жататын мәселелері жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, өңірдегі ұқсас мемлекеттік органдармен тәжірибе алмасу, жұмыс берушілермен әрекеттесу;

      4) мемлекеттік органдарда, сотта “Май ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;

      5) өз құзыреті шегінде келісім шарттар, келісімдер жасасу;

      6) “Май ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесі осы Ережемен көзделген өкілеттікті іске асыру үшін мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпараттарды, құжаттар мен басқа материалдарды, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте сұрауға және алуға құқығы бар;

      7) “Май ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесі осы Ережемен көзделген өкілетті іске асыру үшін Конституцияны және Қазақстан Республиканың заңын сақтауға міндетті;

      8) азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін сақтауға және қорғауды қамтамасыз етуге, азаматтардың өтініштерін белгіленген тәртіпте және мерзімде қарастыруға, олар бойынша қажетті шаралар қолдануға;

      9) “Май ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесі ұсынылған құқықтары мен міндеттері шегінде сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асыруға;

      10) мемлекеттік меншіктін сақталуын, сеніп берілген мемлекеттік меншікті қызметтік мақсаттарға ғана пайдалануды қамтамасыз ету;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да құқықтарды жүзеге асыру және басқа да міндеттерді орындау.

3. “Май ауданының ветеринария бөлімі”
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      22. “Май ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесіне басшылықты “Май ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердін орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      23. “Май ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Май ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      24. “Май ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:

      1) “Май ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің өкілеттіктерін және міндеттерін белгілейді;

      2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес “Май ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте “Май ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыруды, оларға материалдық көмек көрсетуді, тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;

      4) өзінің құзыретіндегі мәселелер бойынша “Май ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес барлық мемлекеттік органдар мен меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда “Май ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесін ұсынады;

      6) ведомстволық бағыныстағы ұйымның басшысымен кенестер өткізеді;

      7) “Май ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құрылымын әзірлеуді қамтамасыз етеді;

      8) “Май ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінің перспективті және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;

      9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және ол үшін дербес жауапты болады;

      10) азаматтардың жеке қабылдауын өткізеді;

      “Май ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезенде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      25. “Май ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесі аудандық коммуналдық мүлікті басқаруға уәкілетті, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган арасындағы өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      26. “Май ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесі мен ауданның жергілікті атқарушы органы арасындағы өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      27. “Май ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінің басшысы мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес белгіленеді.

4. “Май ауданының ветеринария бөлімі”
мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      28. “Май ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      “Май ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ жеке қызметі нәтижесінде сатып

      алынған мүлік (ақшалай кірісті қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      29. “Май ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      30. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, “Май ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.

5. “Май ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік
мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)

      31. “Май ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      32. “Май ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесі қысқартылған (таратылған) кезде кредиторлардын талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік коммуналдық меншікте қалады.

6. “Май ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік
мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      Май ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығында “Май ауданының ветеринариялық станциясы” коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады