Май ауданы бойынша 2015 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Жаңартылған

Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 05 мамырдағы № 138/5 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 27 мамырда № 4494 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңы 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі “Білім туралы” Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Май ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Май ауданы бойынша 2015 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. “Май ауданының білім беру бөлімі” мемлекеттік мекемесі, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес, қажетті шаралар қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.М. Сейітқазинге жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Б. Ысқақова

  Май ауданы әкімдігінің
2015 жылғы “05” мамырдағы
№ 138/5 қаулысына
қосымша

Май ауданы бойынша 2015 жылға арналған
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына
шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері

      Ескерту. Қосымша жана редакцияда – Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 02.11.2015 № 303/11 (алғаш рет ресми түрде жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Р/с

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мекемелерінің атаулары 
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны 
Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)
Мемлекеттік қаржыландырудың айлық өлшемі, теңге
Ата-аналардың айлық төлем ақысы, теңге
1
2
3
4
5
6
1.
Май ауданы әкімдігінің Көктүбек селолық округі әкімі аппаратының “Ақбота бөбектер бақшасы” мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны
70
(республикалық бюджет)
6804
31073
1-ден 3 жасқа дейін - 6400;
3-тен 7 жасқа дейін - 6800
2.
Май ауданы әкімдігінің, Кеңтүбек селолық округі әкімі аппаратының “Қарлығаш бөбектер бақшасы” мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны
50
(республикалық бюджет)
6405
32862
1-ден 3 жасқа дейін - 6000;
3-тен 7 жасқа дейін - 6400
3.
Май ауданы әкімдігінің Қаратерек селолық округі әкімі аппаратының “Балбөбек бөбектер бақшасы” мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны
70
(республикалық бюджет)
6300
23717
1-ден 3 жасқа дейін - 5250;
3-тен 7 жасқа дейін - 6300
4.
Май ауданы әкімдігінің, Көктүбек селолық округі әкімі аппаратының “Айгөлек бөбектер бақшасы” мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны
70
(республикалық бюджет)
6804
34633
1-ден 3 жасқа дейін - 6400;
3-тен 7 жасқа дейін - 6800
5.
Май ауданы әкімдігінің, Ақшиман селолық округі әкімі аппаратының “Балауса бөбектер бақшасы” мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны
30
(республикалық бюджет)
6804
19592
1-ден 3 жасқа дейін - 6400;
3-тен 7 жасқа дейін - 6800
6.
Май ауданы әкімдігінің “Балдәурен балабақшасы” мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны
45
(жергілікті бюджет)
6804
39470
3-тен 7 жасқа дейін – 6800
 
7.
Май ауданы әкімдігінің, Саты селолық округі әкімі аппаратының “Әйгерім бөбектер бақшасы” мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны
20
(республикалық бюджет)
6804
62338
1-ден 3 жасқа дейін - 6400;
3-тен 7 жасқа дейін - 6800
8.
Май ауданы әкімдігінің, Май селолық округі әкімі аппаратының “Балдырған бөбектер бақшасы” мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны
50
(республикалық бюджет)
6804
41692
1-ден 3 жасқа дейін - 6400;
3-тен 7 жасқа дейін - 6800

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады