Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес, жұмысқа орналасуды мұқтаж ететін мүгедектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мақсатында, Павлодар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Меншік нысанына қарамастан Павлодар ауданының кәсіпорындарында және ұйымдарында мүгедектер үшін жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде жұмыс орындарынның квотасы белгіленсін.
2. "Павлодар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмыс берушілерге тиісті жолдамалар беру арқылы мүгедектердің квота белгіленген жұмыс орындарына жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н. Әутәліпов |