1. Павлодар ауданы әкімдігінің келесі қаулыларыныңкүші жойылды деп танылсын:
Павлодар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 сәуірдегі "Павлодар ауданының қылмыстық-атқару жүйесі пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектерді үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" № 142/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4474 тіркелген, 2015 жылғы 28 мамырдағы "Нива" № 21 (208), "Заман тынысы" № 21 (8039) газеттерінде жарияланған) қаулысы;
Павлодар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 сәуірдегі "Павлодар ауданының мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" № 145/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4468 тіркелген, 2015 жылғы 28 мамырдағы "Нива" № 21 (208), "Заман тынысы" № 21 (8039) газетінде жарияланған) қаулысы;
Павлодар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы "Павлодар ауданында 2016 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" № 369/12 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4884 тіркелген, 2016 жылғы 14 қаңтардағы "Нива" № 2 (241), "Заман тынысы" № 2 (8072) газеттерінде жарияланған) қаулысы;
Павлодар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы "2016 жылға Павлодар ауданы халқының нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" № 384/12 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4912 тіркелген, 2016 жылғы 4 ақпандағы "Нива" № 5 (244), "Заман тынысы" № 5 (8075) газеттерінде жарияланған) қаулысы.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Бабенко |