"Павлодар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 271/9 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 қазанда № 4773 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 423/12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 29.12.2017 № 423/12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Павлодар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Павлодар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.

      2. "Павлодар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар ауданы әкімі аппаратының басшысы Ф.А. Ташимовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Бабенко

  Павлодар ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "29" қыркүйектегі
№ 271/9 қаулысымен
бекітілді

"Павлодар ауданының ішкі саясат бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Павлодар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі Павлодар ауданының ішкі саясат саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Павлодар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. "Павлодар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Павлодар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. "Павлодар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. "Павлодар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Павлодар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Павлодар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

      8. "Павлодар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

      9. "Павлодар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140000, Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32.

      10. "Павлодар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: дүйсенбі – жұма күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі – жексенбі.

      11. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы: "Павлодар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде: государственное учреждение "Отдел внутренней политики Павлодарского района".

      12. Мемлекет Павлодар ауданының әкімдігі тұлғасында "Павлодар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.

      13. Осы Ереже "Павлодар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      14. "Павлодар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметiн қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      15. "Павлодар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектілерімен "Павлодар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Павлодар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.

2. "Павлодар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні, міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері

      16. "Павлодар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: ауданда ішкі саяси тұрақтылықты, ел бірлігін қамтамасыз ету және тұрғындарды топтастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

      17. "Павлодар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаты ішкі саяси үрдістерді мемлекеттік реттеуге, ауданның мемлекеттік органдарымен ішкі саясат саласында әрекеттесуге, аудандағы қоғамдық-саяси ахуалды, саяси партиялардың және өзге қоғамдық бірлестіктердің қызметін бақылауға, талдауға, болжауға және ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу мен жұмысты ұйымдастыруға қатысу болып табылады.

      18. "Павлодар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні ішкі саяси үрдістерді реттеуге, мемлекеттік органдармен ішкі саясат саласында әрекеттесуге бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізу болып табылады.

      19. Міндеттері:

      1) ауданның мемлекеттік органдарымен қоғамдық-саяси тұрақтылықты, қоғамдық үрдістердің демократизациялануын және қоғамның бірігуін қамтамасыз ету бойынша әрекеттесу;

      2) қоғамдық бірлестіктермен, саяси партиялармен өзара әрекеттесу және қолдау;

      3) мемлекеттік саясатты жүргізуге жағдай туғызуға, ауданның мемлекеттік органдарымен мемлекеттік ішкі саясатты насихаттау және түсіндіру бойынша аудандық бағдарламаларды өңдеуге және іске асыруға бағытталған жағдайларды тудыру бойынша шараларды әзірлеу;

      4) ауданда болып жатқан қоғамдық-саяси үрдістерді және олардың даму үрдістерін жан-жақты бақылау, болжау және объективті зерттеу жүйелерін ұйымдастыру;

      5) Павлодар ауданының қоғамдық-саяси жағдайын талдау және мониторингтеу.

      20. Функциялары:

      1) "Павлодар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша аудан әкімі және әкімдігінің актілері жобаларын әзірлеу;

      2) Павлодар ауданы туралы ақпаратты тарату жүйесін, қоғамдық-саяси және экономикалық салада мемлекеттік билік органдарының қызметін жетілдіруге бағытталған аудан әкімдігінің жұмысына қатысады;

      3) ауданда 2050 жылға дейінгі Қазақстанның даму Стратегиясының, жыл сайынғы Президенттің Қазақстан халқына Жолдауларын, мемлекеттік және салалық бағдарламалар мен басқа да стратегиялық құжаттардың негізгі артықшылықтарын түсіндіру және насихаттауды қамтамасыз етеді;

      4) ауданның жергілікті атқарушы органдарының әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және басқа да салалардағы қызметі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын, аталған бағытта жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстардың әзірленуін ұйымдастырады;

      5) ауданның ішкі саяси өмірі мәселелері бойынша аудан әкімдігінің мәжілістеріне материалдарды дайындауға қатысады;

      6) ішкі саяси салада, этникааралық қарым-қатынас, Қазақстан Республикасында адамның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және сақтау мәселелерінде мемлекеттік саясатты анықтайтын тұжырымдамаларды, бағдарламаларды дайындау мен іске асыруға қатысады;

      7) мемлекеттің ішкі саясат мәселелері бойынша ақпараттық (компьютерлік, мәтіндік) дерекқорды құру, жинау, жалпылау және бөлу;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудандық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырыстың жүзеге асуын қалыптастырады, орналастырады және бақылайды;

      9) ауданда ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға, саяси үрдістерді демократизациялауға бағытталған облыстық және аудандық ғылыми-тәжірибелік конференцияларды дайындау мен өткізуге қатысады;

      10) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қолдануды насихаттау, әдістемелік көмек көрсету жұмыстарын жүзеге асырады;

      11) "Павлодар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін мемлекеттік органдармен және лауазымды тұлғалармен өзара әрекет жасайды;

      12) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғаммен байланысты орнату және үнемі дамыту;

      13) тиісті мәліметтер банкілерін құрумен ауданның бірыңғай электронды жүйесін ұйымдастыруға қатысады;

      14) ведомствоға қарасты ұйымдарға әдістемелік көмек көрсетеді;

      15) ауданда мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;

      16) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша консультативтік-кеңестік органдардың қызметін қамтамасыз етеді;

      17) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асырады;

      18) аудан аумағында бұқаралық ақпарат құралдарының Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

      19) қоғамдық бірлестіктермен келісімдерге, шарттарға отырып ынтымақтасуын және өзара әрекеттесуін қамтамасыз етеді;

      20) Павлодар ауданы аумағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қолдануды (орналастыруды, орнатуды) бақылауды жүзеге асырады;

      21) Павлодар ауданының аумағында дінге қатысты мемлекеттің саясатын өз кезігімен жүзеге асыру, діни бірлестіктердің қарым-қатынасын реттеу саласындағы заңнаманы жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

      22) "Павлодар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі жергілікті мемлекеттік басқаруда Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелген өзге де міндеттерді атқарады.

      21. Құқықтары мен міндеттері:

      1) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпорындардың, лауазымды тұлғалардың және азаматтардың келісімі бойынша белгіленген тәртіпте "Павлодар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің алдына қойылған міндеттерді орындаумен байланысты мәселелер бойынша ақпаратты сұрату және алу;

      2) жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын басқа да атқарушы органдардың мамандарын олардың басшыларының келісімі бойынша жұмысқа тарту;

      3) "Павлодар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін мемлекеттік органдарда, сотта өкілдік ету;

      4) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасау;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. "Павлодар ауданының ішкі саясат бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      22. "Павлодар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Павлодар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      23. "Павлодар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес Павлодар ауданының әкімімен қызметіне тағайындалады және қызметінен босатылады.

      24. "Павлодар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) "Павлодар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені аудан әкімдігіне бекітуге ұсынады;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Павлодар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Павлодар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін мадақтайды, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;

      4) "Павлодар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің барлығы орындауға міндетті өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      5) барлық мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Павлодар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін қорғайды;

      6) "Павлодар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдарда, өзге де мекемелерде бөлім мүдделерін білдіру құқығына сенімхаттарды береді;

      7) ведомствоға бағынысты ұйымдардың басшыларымен кеңестер өткізеді;

      8) өз құзіретінің шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды;

      9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және оған дербес жауап береді;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

      "Павлодар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      25. "Павлодар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органы (ауданның жергілікті атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      26. "Павлодар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен тиісті саланың уәкілетті органы (ауданның жергілікті атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      27. "Павлодар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес белгіленеді.

4. "Павлодар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      28. "Павлодар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.

      "Павлодар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      29. "Павлодар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк аудандық коммуналдық меншікке жатады.

      30. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Павлодар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. "Павлодар ауданының ішкі саясат бөлімі"
мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      31. "Павлодар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      32. "Павлодар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі таратылған кезде, несиегерлердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншігінде қалады.

6. "Павлодар ауданының ішкі саясат бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      33. "Павлодар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағында мынадай ұйым бар:

      "Павлодар ауданының "ОЛЖА" жастар бастамаларын дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады