2015 жылға Успен ауданы тұрғындарының нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 10/1 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 09 ақпанда № 4299 болып тіркелді. Күші жойылды - қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Успен ауданы әкімі аппаратының 2016 жылғы 11 қаңтардағы N 1-18/13 хатымен)

      Ескерту. Күші жойылды - қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Успен ауданы әкімі аппаратының 11.01.2016 N 1-18/13 хатымен).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамтуға көмек көрсету мақсатында Успен ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Успен ауданы бойынша халықтың нысаналы тобына жататын тұлғалардың 2015 жылға арналған қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) дәрігерлік–консультациялық комиссия анықтамалары бойынша еңбек етуге шектеуі бар тұлғалар;
      2) 50 жастағы және одан үлкен жастағы тұлғалар;
      3) жұмыс өтілі және мамандығы жоқ тұлғалар;
      4) ұзақ мерзім жұмыс істемеген тұлғалар (үш ай және одан аса);
      5) 29 жасқа дейінгі жастар;
      6) бір де жұмыс істейтін адамы жоқ отбасыларынан жұмыссыз тұлғалар;
      7) уақытша және маусымдық жұмыстардың аяқталғанына байланысты жұмыстан босатылған тұлғалар.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау әлеуметтік мәселелерге жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Б. Демеуов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады