Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 14.01.2020 № 8/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28-бабының 4, 6-тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес Успен ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Успен ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 18 қарашадағы "Қазақстан Республикасы Президенттігіне, Парламент және мәслихат депутаттығына кандидаттардың үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыру және сайлаушылармен кездесу өткізу үшін орындар белгілеу туралы" № 351/11 қаулысына (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12-12-115 тіркелген, 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 48 "Сельские будни" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін.
аталған қаулының 2 қосымшасында:
5 реттік номері жолындағы "Тимирязев ауылындағы жалпы орта білім беру мектебі" сөзі "Ауылдық клуб" сөзіне ауыстырылсын;
11 реттік номері жолындағы "Ауылдық клуб" сөзі "Балалар сауық орталығы" сөзімен ауыстырылсын;
13 реттік номері жолындағы "Мәдениет үйі" сөзі "Равнополь негізгі жалпы білім беру мектебі" сөзімен ауыстырылсын;
21 реттік номері жолы алынып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау осы мәселеге жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енеді.
Аудан әкімінің м.а. | Б. Жүсіпбаев |
КЕЛІСІЛДІ | |
Успен аудандық | |
аумақтық сайлау | |
комиссиясының төрағасы | А.Қабиев |
"11" наурыз 2015 жыл |