Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 15.07.2020 № 301/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3–бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" № 1106 Қаулысына сәйкес, Успен аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Успен ауданы Қозыкеткен ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қоса беріліп отырған Қағидалары бекітілсін.2. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Успен ауданы Қозыкеткен ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы ауыл тұрғындарының жалпы санынан 1,5 % мөлшерде бекітілсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Cессия төрағасы | О. Устименко |
Аудандық мәслихат хатшысы | Р. Бечелова |
Успен аудандық мәслихаты сессиясының (V сайланған XLIV (кезекті) сессиясы) 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 245/44 шешімімен бекітілген |
Успен ауданы Қозыкеткен ауылдық округінің аумағында
бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Успен ауданы Қозыкеткен ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің осы Қағидалары Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" № 1106 Қаулысына сәйкес әзірленді және Успен ауданы Қозыкеткен ауылдық округі аумағындағы ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Успен ауданы Қозыкеткен ауылдық округі аумағында ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
3. Бөлек жиынды Қозыкеткен ауылдық округінің әкімі шақырады.
Успен ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.5. Ауылдар шегінде бөлек жиынды өткізуді Қозыкеткен ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдардың қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
7. Бөлек жиынды Успен ауданы Қозыкеткен ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Успен ауданы Қозыкеткен ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Успен аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушалары ұсынады.Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Қозыкеткен ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.