Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабына сәйкес, Успен ауданының мемлекеттік ветеринариялық бас инспекторының ұсынысы негізінде Қоңырөзек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Жануарлардан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Қоңырөзек ауылдық округінің Қоңырөзек ауылындағы Амангелді көшесінде шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.
Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
Ауылдық округінің әкімі | Р. Кумуков |
КЕЛІСІЛДІ | |
Қазақстан Республикасы | |
Ауыл шаруашылығы министрлігі | |
ветеринариялық бақылау және | |
қадағалау Комитетінің Успен | |
аудандық аумақтық | |
инспекциясының басшысы | Б. Ағатанов |
2015 жылғы "23" қаңтар |