"Алматы қаласы Мәдениет басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 13 қаңтардағы № 1/11 қаулысы. Алматы қаласының Әділет департаментінде 2015 жылғы 11 ақпанда № 1126 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 15 маусымдағы № 2/278 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 15.06.2016 № 2/278 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Алматы қаласы Мәдениет басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
      2. "Алматы қаласы Мәдениет басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      1) өзінің Құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер туралы Алматы қаласының әділет органдарына хабарласын;
      2) осы қаулының интернет-ресурста орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары З. Аманжоловаға жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Алматы қаласының әкімі
А. Есімов

      

 
Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 13 қаңтардағы
№ 1/11 қаулысымен бекітілді

"Алматы қаласы Мәдениет басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Алматы қаласы Мәдениет басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Алматы қаласының аумағындағы мәдениет саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Алматы қаласының Мәдениет басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне, Алматы қаласы әкімдігінің қаулыларына, Алматы қаласы әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Алматы қаласы Мәдениет басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Алматы қаласы Мәдениет басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Алматы қаласы Мәдениет басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
      6. "Алматы қаласы Мәдениет басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша "Алматы қаласы Мәдениет басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Алматы қаласы Мәдениет басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. "Алматы қаласы Мәдениет басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: 050000, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Республика алаңы, 4.
      9. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің толық атауы:
      мемлекеттік тілде: "Алматы қаласы Мәдениет басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілінде: Коммунальное государственное учреждение "Управление культуры города Алматы".
      10. Осы Ереже "Алматы қаласы Мәдениет басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Алматы қаласы Мәдениет басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Алматы қаласы Мәдениет басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен Алматы қаласы Мәдениет басқармасының міндеттерін орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Алматы қаласы Мәдениет басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2."Алматы қаласы Мәдениет басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары мен міндеттері

      13. Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы "Мәдениет туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес "Алматы қаласы Мәдениет басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы - Алматы қаласының мәдениет және өнер саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру деп белгіленген.
      14. Басқарма қызметінің негізгі міндеттері мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
      15. "Алматы қаласы Мәдениет басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы" Заңының 8 бабына, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 9-2 бабына, Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың тәртібі туралы" Заңының 6, 7, 8, 9, 10, 16 баптарына сәйкес белгіленген:
      1) мәдениет саласында өңірлік даму бағдарламаларын әзірлейді және олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
      2) театр, музыка және кино өнері саласындағы мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін, мәдени-демалыс қызметін, кітапхана және мұражай ісін үйлестіруді жүзеге асырады;
      3) мемлекеттік мәдениет ұйымдарының театр, музыка және кино өнерін дамыту жөніндегі қызметін, мәдени-демалыс қызметін және халық шығармашылығын, кітапхана және мұражай ісін қолдайды және үйлестіреді, негізгі бағыттарды әзірлейді және олардың даму болашағының жайын айқындайды, жұмыстың инновациялық әдістерін енгізеді, мәдениет саласындағы мекемелердің қызметін қамтамасыз етеді;
      4) шығармашылық қызметтің әртүрлі салаларында өңірлік байқауларды, фестивальдер мен конкурстарды ұйымдастырады;
      5) тарих, материалдық және рухани мәдениеттің есебін алу, сақтау, реставрациялау, консервациялау, регенерациялау, пайдалану және насихаттау бойынша жұмыстарға басшылық ету, бақылау жасау және жүргізу арқылы тарихи-мәдени мұраның сақталуын қамтамасыз ету, жоғары тұрған органдардың алдында тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау, сақтау және пайдалану туралы заңнаманың нормаларын бұзатын лауазымды тұлғаларды, кәсіпорындар мен ұйымдарды және азаматтарды жауапқа тарту, сондай-ақ еліміздің көрнекті мәдениет қайраткерлерін мәңгі есте қалдыру туралы өтініш білдіреді;
      6) мәдени құндылықтарды уақытша әкету бойынша сараптама комиссиясын құрады, сондай-ақ мәдени құндылықтарды уақытша әкетуге құқық беретін куәлік береді;
      7) тиісті аумақта орналасқан мәдениет ұйымдары қызметінің мониторингін жүзеге асырады, және уәкілетті органға ақпаратты, сондай-ақ белгіленген үлгідегі статистикалық есепті береді;
      8) мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады, сондай-ақ өз құзыреті шегінде коммуналдық меншікті басқару саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді әзірлейді;
      9) қазақтың ұлттық мәдениетін, республика халықтарының мәдениетін және әлемдік мәдениеттің дамуына белсене жәрдемдеседі;
      10) шығармашылық Одақтармен, қоғамдық ұйымдармен, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасасады;
      11) қаладағы кітапханалар мен мұражайлардың жағдайына талдау жасау, оларды дамытудың болашаққа арналған негізгі бағыттарын әзірлеу, жұмыстың инновациялық әдістерін енгізу жолымен ақпараттық және мәдени-демалыс қызметінің негіздері ретінде мемлекеттік мәдениет ұйымдарының кітапхана және мұражай ісі саласындағы қызметін қолдайды;
      12) қала халқының барлық топтары үшін театр-концерттік іс-шаралардың қолжетімділігін қамтамасыз ету және гастрольдер, фестивальдер, байқаулар, ұлттық, мемлекеттік мерекелерді, мерейтойлық және мәдени-бұқаралық және ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастыру жолымен театр-көріністік және концерттік ұйымдардың қызметіне қолдау көрсетеді;
      13) мәдениет жүйесіндегі жаңалықтарды іздестіру, зерттеу, оларға сараптама жасау, жаңа ұсыныстарды эксперименттік байқауды ұйымдастыру жолымен мәдениет саласындағы ұйымдастыру мен басқару қызметінің мәселелері бойынша отандық және шетелдік озық тәжірибені енгізуге жәрдемдеседі;
      14) жас дарындарға, қызметкерлерге, мәдениет және өнер қайраткерлеріне қолдау көрсетеді;
      15) мәдениет мекемелерінің жеткіншек ұрпақты рухани, адамгершілік және эстетикалық жағынан тәрбиелеу бойынша рөлін арттырады;
      16) егер актілермен көзделген болса, мәдениет қызметкерлерін және мәдениет мекемелерінің басқа да мамандарын аттестациядан өткізеді;
      17) жоғары тұрған органдарға мәдениет мәселелері бойынша есептер ұсынады;
      18) бауырлас қалалармен, ТМД-ның және шет елдердің қалаларымен мәдени байланыстарды дамытады;
      19) ұлттық мәдениетті және Қазақстан халықтарының мәдениетін сақтайды, дамытады, таратады;
      20) мәдени-рухани дамудың жетістіктері мен үлгілерін насихаттауға бағытталған әртүрлі өнер шығармаларын жасауды қамтамасыз ететін халықаралық, республикалық, қалалық мәдени және басқа да іс-шараларды өткізеді;
      21) ішкі саяси тұрақтылықты, азаматтық татулық пен ұлтаралық келісімді, қазақстандық патриотизмді насихаттауға бағытталған халықаралық, республикалық, қалалық іс-шараларды және басқа да іс-шараларды, акцияларды, конкурстарды өткізеді;
      22) Алматы қаласы әкімінің, қала әкімдігінің және қала әкімінің Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жетекшілік ететін орынбасарының тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;
      23) бұқаралық ақпарат құралдарымен мәдениетті насихаттау және дамыту мәселелері бойынша ынтымақтастық жасайды;
      24) қоғамдық бірлестіктермен, үкіметтік емес ұйымдармен, кәсіптік одақтармен және басқа да ұйымдармен Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
      25) мәдениет қызметкерлерін әлеуметтік қорғау бойынша шаралар әзірлеу және жоғары тұрған мемлекеттік органдарға мәдениет қызметкерлерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік және ведомстволық наградаларымен марапаттау туралы өтініш білдіреді;
      26) алдағы қаржы жылына арналған бюджеттік өтінімді әзірлеу және уәкілетті органның қарауына ұсынады;
      27) қаланы көркем безендірудің Тұжырымдамасын әзірлейді және бекітеді;
      28) гендерлік аспектілерді қарайды;
      29) азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін қарайды;
      30) "Алматы қаласы Мәдениет басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша Алматы қаласы әкімдігінің қаулыларының, Алматы қаласы әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылайды;
      31) тарихи-мәдени мұра объектiлерiн жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiн тану және тарихи-мәдени сараптама қорытындысының негізінде жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне қосу жұмыстарын жүргізеді;
      32) жергілікті маңызы тарихи-мәдени мұра ескерткішін мәртебесінен айыру және тарихи-мәдени сараптама қорытындысының негізінде жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығару жұмыстарын жүргізеді;
      33) ұлттық-мәдени игілік объектілерінің айрықша режимінің сақталуын қамтамасыз етеді.
      16. Алматы қаласы Мәдениет басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің шегінде мынадай құқықтарға ие:
      1) мемлекеттік органдардан, басқа да ұйымдардан, лауазымды адамдардан және азаматтардан қажетті ақпаратты сұрату және алу;
      2) уәкілетті органмен келісе отырып, шығармашылық қызметтің әртүрлі салаларында республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізуді ұйымдастыруға құқылы;
      3) қала аумағында Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша, ведомстволық бағыныстылығына және меншік түрлеріне қарамастан, ведомстволық бағыныстағы мәдениет ұйымдарының және басқа да ұйымдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
      4) "Алматы қаласы Мәдениет басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомстволық бағынысындағы кәсіпорындардың қаржыландыру жоспарларын, сметалық есептерін қарау, келісу, бекіту;
      5) Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне, Алматы қаласының әкіміне және қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына ұсыныс енгізу;
      6) ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру, тарату мәселелері бойынша ұсыныс енгізу;
      7) Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 56 бабында белгіленген тәртіпте сотқа талап-арыз беру;
      8) өзіне бекітіліп берілген мүлікті басқаруды жүзеге асыру;
      9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа да құқықтарды жүзеге асыру және міндеттерді атқару.

3. "Алматы қаласы Мәдениет басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      17. "Алматы қаласы Мәдениет басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылық етуді "Алматы қаласы Мәдениет басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына жеке жауап беретін бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. "Алматы қаласы Мәдениет басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Алматы қаласы әкімінің өкімімен қызметке тағайындалады және қызметінен босатылады.
      19. "Алматы қаласы Мәдениет басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметінен босатылатын орынбасарлары болады.
      20. Бірінші басшының өкілеттіктері:
      1) "Алматы қаласы Мәдениет басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді;
      2) өз орынбасарлары мен "Алматы қаласы Мәдениет басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлімдері басшыларының міндеттерін және өкілеттіктерін белгілейді;
      3) "Алматы қаласы Мәдениет басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шараларды қабылдайды және осы шараларды қабылдағаны үшін жеке жауапкершілікте болады;
      4) заңнамаға сәйкес "Алматы қаласы Мәдениет басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;
      5) заңнамамен белгіленген тәртіпте "Алматы қаласы Мәдениет басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелейді, оларға тәртіптік жазалар қолданады;
      6) "Алматы қаласы Мәдениет басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымын және "Алматы қаласы Мәдениет басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;
      7) мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда "Алматы қаласы Мәдениет басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өкілі ретінде іс-әрекет етеді;
      8) өз өкілеттіктерінің шегінде бұйрықтар шығарады;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Алматы қаласы Мәдениет басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы орнында болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
      21. Бірінші басшы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді.

4. "Алматы қаласы Мәдениет басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      22. "Алматы қаласы Мәдениет басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамамен көзделген жағдайларда оралымды басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Алматы қаласы Мәдениет басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүліктің, сондай-ақ өз қызметінің нәтижесінде сатып алған мүліктің (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздердің есебінен қалыптастырылады.
      23. "Алматы қаласы Мәдениет басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітіліп берілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. "Алматы қаласы Мәдениет басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті, егер заңнамада өзгеше көзделмесе, өз бетімен иеліктен шығаруға немесе өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Алматы қаласы Мәдениет басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта құру және тарату

      25. "Алматы қаласы Мәдениет басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады