Алматы қаласы метрополитенімен жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 18 ақпандағы № 1/99 қаулысы. Алматы қаласының Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 наурызда № 1147 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 30 қазандағы № 4/444 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 30.10.2017 № 4/444 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Заңының 11 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласы метрополитенімен жолаушыларды тасымалдау қағидалары бекітілсін.

      2. Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуді;

      2) осы қаулыны интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ю. Ильинге жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі А. Есімов

  Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы "18" ақпандағы
№ 1/99 қаулысымен бекітілді

Метрополитенмен жолаушыларды тасымалдау
қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Метрополитенмен жолаушыларды тасымалдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) жолаушыларды метрополитенмен тасымалдауда тұрғындардың тұтынушылығын қанағаттандыру мақсатында "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 қазандағы №1102 қаулысымен бекітілген Жолаушыларды және көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдарды, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеру қағидаларына және қойылатын талаптарына сәйкес әзірленді және метрополитенмен жолаушыларды тасымалдау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар қолданылады:

      1) метрополитен – көліктің өзге түрлерінің желілерінен және жүргіншілердің оларға өту жолынан оқшауланған (бөлінген, бір деңгейдегі қиылыстары жоқ) жолдар бойынша жолаушылар мен багажды әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын қалалық рельстік көлік түрі;

      2) метрополитен жолаушысы – жол жүру ақысын (смарт-жетонмен, смарт-картамен) төлейтін және метрополитенде жол жүретін жеке тұлға;

      3) жол жүру құжаты– жолаушының метрополитеннің көрсетілетін қызметтері арқылы жүруді жүзеге асыру құқығын растайтын бір реттік қолданылатын байланыссыз смарт-жетон немесе көп реттік байланыссыз смарт-карта;

      4) қол жүгі – метрополитеннің жылжымалы құрамының салонында тасымалданатын жолаушылардың жеке заттары;

      5) борт журналы – нөмірленген және тігілген, мөрмен бекітілген және жергілікті атқарушы орган тіркеген, метрополитеннің жылжымалы құрамында болатын журнал, оған метрополитеннің жылжымалы құрамының рейс алдындағы техникалық тексеруден және жоспарлау-ескерту жөндеуінен өткені туралы белгілер қойылады, қолданылу мерзімі оны тіркеген күннен бастап күнтізбелік бір жылдан аспайды;

      6) қозғалыс кестесі –метрополитеннің әрбір станциясы бойынша электрпойыздардың қозғалыс орны мен уақыты туралы мәліметтерді қамтитын құжат (кесте, графикалық бейне);

      7) метрополитен станциясы – тұрғындарға тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуге арналған қажетті құрылыстар, құрылғылар мен басқа мүлік түрлерінің кешені;

      8) тоннель – метрополитеннің жерасты станцияларының арасындағы көлік қатынасына арналған көлденең немесе еңіс жерасты құрылғысы;

      9) электрпойызы –бірнеше моторвагондық секциядан құралған және жолаушыларды тасымалдауға арналған жылжымалы құрам барлық нормалар мен қауіпсіздікке сәйкес болуы керек;

      10) эскалатор – адамдардың бір деңгейден екінші деңгейге ауысуы үшін қозғалатын сатылары бар баспалдақ түріндегі көтеру-көлік құрылғысы.

2. Жолаушыларды метрополитенмен тасымалдау тәртібі

      3. Жолаушылардың метрополитен электрпойыздарында жол жүруі үшін жол жүру жетондарын/карталарын сату метрополитен станциялардың кассаларында қол технологиясы бойынша,сондай-ақ аппараттардың көмегімен жүргізіледі, сондай-ақ смарт-карталарды толтыру және смарт-жетондарды сату жүзеге асырылады.

      4. Жолаушы метрополитеннің электрпойызында жол жүру смарт-жетонын немесе смарт-картасын сатып алғаннан кейін немесе смарт-картадағы "жол жүрістері" толтырылған жағдайда ғана тасымалданады.

      5. Жолаушының төленген жол жүрісі жөнелту станциясының кіру турникетінен жету станциясының шығу турникетіне дейін жарамды.

      6. Электр пойызы толық тоқтағаннан кейін пойызға кіруге болады, шығып жатқан жолаушыларға кедергі жасамау үшін құрам есіктерінің алдында тұруға және жолға тосқауыл болуға рұқсат етілмейді.

      7. Кезектен тыс отырғызу құқығына мүмкіндігі шектеулі азаматтар, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен соларға тіркеулі тұлғалар, зейнеткерлер, жүкті әйелдер, мектеп жасына дейінгі балалары бар жолаушылар ие болады.

      8. Жолаушыға мыналарға рұқсат етіледі:

      1) жол жүру жетонын немесе картасын сатып алуға және метрополитеннің электржылжымалы құрамында осы Қағидаларда айтылған жағдайларда жол жүруге;

      2) өзімен бірге жасы 7-ден аспаған бір баланы тегін алып жүруге;

      3) өзімен бірге жасы 7-ден 15-ке дейін балаларды жеңілдік смарт-жетоны бойынша алып жүруге.

      Жасы 7-ден 15-ке дейін балаларға жол жүру төлемі ересек жолаушы үшін белгіленген жол бағасынан 50% мөлшерінде төленеді.

      15 жастан асқан балалар үшін толық мөлшерде жол жүру жетоны ересектерге сияқты төленеді. Баланың жасы жол жүру жетонын немесе смарт-картасын сату күнімен белгіленеді.

      Билет сататын кассаға баланың жасын белгілейтін құжат ұсынылады;

      4) көзі дұрыс көрмейтін жолаушыға өзімен бірге ілесіп жүретін жолсерік итті (тұмсық торда және арнайы танитын белгісі бар мойынша шылбырда) тегін алып жүруге;

      9. Жолаушы метрополитенде жол жүрген кезде:

      1) қоғамдық тәртіпті және осы Қағидаларды орындауы;

      2) өзінің жолын төлеуі;

      3) станция бойынша кезекші персоналға, метрополитеннің электржылжымалы құрамы машинисіне немесе басқа да қызметкерлеріне жолға бөтен заттардың, қадағалаусыз нәрселер мен бұйымдардың құлағандығын, түтінді немесе өртті, жолаушыларды тасымалдау және метрополитеннің электржылжымалы құрамы қозғалысының қауіпсіздігіне әсер ететін басқа да жағдайларды анықтаған кезде хабарлауы;

      4) эскалаторда болған кезде оң жағынан қозғалыс бойынша тұрып, сол жағынан өтуге, тұтқадан ұстап тұруға, баспалдақтағы шектеулі сызықты баспауға, қозғалмайтын тетіктерге сүйенуге, кішкентай балаларды қолдарынан ұстап тұруға, эскалатордан түскен кезде кідірмеуі;

      5) вагонда мүмкіндіктері шектеулі жандарға, қарттарға, балалары бар жолаушыларға орын беру. Белгіленген станцияға жақындағанда вагоннан шығуға алдын ала дайындалуы;

      6) соңғы аялдамаларда вагондарды босатуы;

      7) кішкентай жастағы балаларын қолдарынан ұстап жүруі;

      8) метрополитен жұмыскерлерінің нұсқаулықтарымен жүруі керек.

      10. Метрополитенде болған кезде жолаушыларға:

      1) метрополитеннің электрпойыздары есіктерінің автоматты ашылуына және жабылуына кедергі келтіруге, қозғалыс кезінде вагон есіктерін ашуға;

      2) метрополитен электрпойызының қозғалысы кезінде машинистің көңілін бөлуге;

      3) станцияларда, метрополитеннің электрпойыздарының өткелінде және вагондарында темекі шегуге;

      4) вестибюлдерді, өткелдерді, станция платформаларын, вагон салондарын, эскалаторларды және жолдарды ластауға;

      5) спирттік ішімдіктер ішуге, станциялар мен метрополитеннің электржылжымалы құрамында мас күйінде, сондай-ақ есірткі немесе уытты мас болу жағдайында болуға;

      6) вагондарда өртке қауіпті, жарылғыш, уландырғыш, жеңіл тұтанғыш, улы, күйдіргіш және жағымсыз иісі бар заттарды тасымалдауға;

      7) бақша мүкәммалын, оның ішінде жолаушыларды жарақаттау мүмкіндігін жоққа шығармайтын шаншып алғыш және кескіш заттарды тиісті қаптамасыз алып өтуге;

      8) ашық отты, пиротехникалық қондырғыларды (фейерверктерді, петардаларды) қолдануға;

      9) станцияға жолақысыз өтуге, сондай-ақ жабық турникеттер және тосқауыл қоршаулар арқылы өтуге;

      10) метрополитеннің ғимараттарына, құрылғыларына, вагон жабдықтарына, эскалаторларға және станцияларға мүліктік залал келтіруге.

      11) өз еркімен метрополитен жолында метрополитеннің электржылжымалы құрамының кабинасына, қызметтік және өндірістік бөлмелерге, желдетпе шахталарының киоскілеріне, тоннельдеріне және қоршалған аумаққа кіруге;

      12) жұмыс істемейтін эскалаторға мінуге, сүйенуге және заттарды эскалаторлардың тұтқаларына қоюға, кез келген затты лақтыруға, эскалаторда жүгіруге, эскалатор баспалдақтарында отыруға және эскалатор балюстрадасында "тоқтат" деген жазбасы бар ажыратқышты қажетсіз қолдануға;

      13) метрополитеннің электрпойыздар вагондарының есіктеріне сүйкенуге;

      14) метрополитеннің электржылжымалы құрамы толық тоқтағанға дейін платформа шетіндегі шектеулі сызықтан өтуге;

      15) метрополитеннің электржылжымалы құрамының станциялары мен вагондарында роликті тақталарда, конькилерде және басқа ұқсас спорт құралдарында жүруге;

      16) вагонда "жолаушы-машинист" байланысымен қажетсіз қолдануға;

      17) платформаларда жүгіруге, ақпараттық көрсеткіштермен белгіленген жолаушылар ағынының қозғалыс бағытын бұзуға және электрлендірілген жолға түсуге;

      18) жолға метрополитеннің электрпойыздар қозғалысының бұзылуын тудыратын заттарды лақтыруға тиым салынады.

      11. Метрополитен қызметкерлері, қызмет көрсету мәдениетін қамтамасыз ете отырып, жолаушыларға белгіленген үлгідегі формалық киімде қызмет көрсетеді.

      12. Жолаушылардың метрополитенмен жол жүгін алып өту Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

      13. Көлік қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында метрополитендегі жолаушылардың қол жүгін тексеру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 қазандағы №1102 қаулысымен бекітілген Жолаушыларды және көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдарды, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажына тексеріс жүргізу қағидалары мен оларға қойылатын талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

      14. Метрополитен станцияларында немесе электржылжымалы құрам вагондарында жолаушы ұмытылып қалған заттарды тапқан кезде, метрополитен жұмыскеріне немесе метрополитендегі ІІБ қызметкеріне тапқандығы жөнінде хабарлау.

      15. Ұсақ үй жануарлары, иттер және құстар жәшіктерде, себеттерде, торлар мен контейнерлерде тасымалданады.

      Ұсақ үй жануарларын, иттерді және құстарды тасымалдау кезінде олардың иелері немесе алып жүрушілер метрполитеннің жылжымалы құрамының салонында санитариялық-гигиеналық режимнің сақталуын қамтамасыз етеді.

      Метрополитеннің жылжымалы құрамының салонында қол жүгі ретінде жабайы жануарларды тасымалдауға рұқсат етілмейді.

      16. Метрополитен станциясында жолаушылар метрополитеннің электр жылжымалы құрамының келу және кету уақыты, жолаушылар жол жүру төлемінің бағасы, жол жүру және қол жүгін тасымалдау шарттары мен көрсетілетін қызметтер, шұғыл медициналық көмек, шағын және ұсыныс жазатын кітаптың орналасқан жері, билет сататын кассалар жұмысының режимі туралы, метрополитен станцияларында орналасқан бөлмелер, метрополитенде тұрғындарға көрсетілетін қызметтер тізбесі туралы қажетті және нақты ақпаратпен қамтамасыз етіледі.

      Метрополитен қызметін тұтынушылар үшін барлық ақпарат тасымалдау шартының өзгеруіне байланысты уақтылы жаңартылып отырады. Метрополитеннің уәкілетті құрылымдары жолаушыларға дауысты зорайтқыш құралын қолдана отырып, көрнекі тасушы арқылы жазбаша және/немесе ауызша ақпаратты береді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады