Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 08.10.2018 № 4/460 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы Бiлiм басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру туралы" 2014 жылғы 18 тамыздағы № 3/684 қаулысына (мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 1083 болып тiркелген, 2014 жылғы 16 қыркүйекте "Вечерний Алматы", "Алматы ақшамы" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген "Алматы қаласы Білім басқармасы"коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережедегі:
6 бөлім алынып тасталсын.
2. Алматы қаласы Білім басқармасы осы қаулыны әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi, оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды және интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары З. Аманжоловаға жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі | А. Есімов |