Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Күші жойылды деп танылсын:
1) Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы Білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы" 2014 жылғы 18 тамыздағы № 3/684 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1083 болып тіркелген, 2014 жылғы 16 қыркүйекте "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) 2 тармағының 1) тармақшасы;
2) Алматы қаласы әкiмдiгiнiң "Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы Бiлiм басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру туралы" 2014 жылғы 18 тамыздағы № 3/684 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 2/234 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде № 1161 болып тiркелген, 2016 жылғы 16 мамырда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған).
2. Алматы қаласы Білім басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiпте осы қаулыны әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi, кейiннен мерзiмдi баспа басылымдарында, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде және Алматы қаласы әкiмдiгiнiң ресми интернет-ресурсында ресми жариялауды қамтамасыз етсiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары А. Қырықбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі | Б. Байбек |