Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің 2014 жылғы 8 сәуірдегі № 1ш "Алматы қаласы Алатау ауданында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 2ш шешімі. Алматы қаласының Әділет департаментінде 2015 жылғы 27 наурызда № 1152 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің 11.04.2019 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 798 "Алматы қаласының шекарасын өзгерту туралы" Жарлығына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 23-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына сәйкес аудан

      әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің 2014 жылғы 8 сәуірдегі № 1ш "Алматы қаласы Алатау ауданында сайлау учаскелерін құру туралы" (нормативтік құқықтық акті 2014 жылғы 23 сәуірде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 1029 болып енгізілген, 2014 жылғы 29 сәуірде № 49-51 "Алматы ақшамы" және 2014 жылғы

      1 мамырдағы № 51-52 "Вечерний Алматы" газетінде ресми жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      аталған шешімнің қосымшасындағы № 36, № 37, № 485, № 486 сайлау учаскелерінің шекаралары осы шешімнің қосымшасына сәйкес өзгертілсін.

      2. Осы нормативтік құқықтық акті Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізілсін.

      3. Осы шешімнің ресми интернет-ресурсында орналастырылуы қамтамасыз ету.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысы Б.О. Торламбаевқа жүктелсін.

      4. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі

Б.Мәнізоров


  Алатау ауданы әкімінің
2015 жылғы 20 наурыздағы
№ 2ш шешіміне қосымша

Аудандық сайлау комиссиясының орталығы
Өтемісұлы көшесі, 109 үй, № 169 Жалпы білім
беру мектебі, телефон: 263-78- 88, 227-38-00

      № 36 Сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы,Ақкент ықшамауданы,

      19 үй, № 181 Жалпы білім беру мектебі,

      телефон: 246-70-39

      Сайлау учаскесінің шекарасы:

      Ақкент ықшамауданы мен АЗТМ № 1, № 2, № 3, № 4, № 5, № 6, № 7 көшелері толығымен кіреді.

      № 37 сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Ақбұлақ ықшамауданы,

      Суат көл көшесі, 41 үй, № 178 физика-математикалық

      лицей, Телефон: 392-54-33

      Сайлау учаскелерінің шекарасы:

      Момышұлы көшесімен Райымбек даңғылының қиылысынан бастап, Райымбек даңғылының бойымен батыс бағытында Ақбота көшесіне дейін, Ақбота көшесінің бойымен солтүстік бағытта Баталов көшесіне дейін, Баталов көшесінің бойымен батыс бағытта Суханбаев көшесіне дейін, Суханбаев көшесінің бойымен оңтүстік бағытта Бөлтекұлы көшесіне дейін, Бөлтекұлы көшесінің бойымен батыс бағытта Ақсай көшесіне дейін, Ақсай көшесінің бойымен солтүстік бағытта Ақан сері көшесіне дейін, Ақан сері көшесімен батыс бағытта Наурыз көшесіне дейін, Наурыз көшесімен солтүстік бағытта Ақын Сара көшесіне дейін, Ақын Сара көшесінің бойымен шығыс бағытта Ақсай көшесіне дейін, Ақсай көшесімен солтүстік бағытта Үлкен Алматы Каналына дейін, Үлкен Алматы Каналы жағалауымен шығыс бағытында Момышұлы көшесіне дейін, Момышұлы көшесі бойымен оңтүстік бағытта Райымбек даңғылына дейін.

      № 485 Сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Алғабас ықшамауданы,

      Байдібек би көшесі, 16 үй, № 185 Жалпы білім

      беру мектебі, телефон: 306-07-39

      Сайлау учаскесінің шекарасы:

      Ақсай көшесімен Орталық көшесінің қиылысынан солтүстік батыс бағытта Желтоқсан көшесіне дейін, Желтоқсан көшесінің бойымен солтүстік бағытта Қонаев көшесіне дейін, Қонаев көшесімен шығыс бағытта Маметова көшесіне дейін, Маметова көшесінің бойымен солтүстік бағытта Лермонтов көшесіне дейін, Лермонтов көшесінің бойымен шығыс бағытта Ақсай көшесіне дейін, Ақсай көшесі бойымен оңтүстік бағытта Орталық көшесіне дейін.

      № 486 Сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Теректі ықшамауданы,

      Мектеп көшесі, 6 "б" үй, № 184 Жалпы білім

      беру мектебі телефон: 388-40-64

      Сайлау учаскесінің шекарасы:

      Орталық көшесінің Ақсай көшесі қиылысымен оңтүстік бағытта Райымбек даңғылына дейін, Райымбек даңғылымен батыс бағытта Жетісу кварталының қиылысына дейін, Жетісу кварталымен солтүстік бағытта Жас Отау көшесіне дейін, Жас Отау көшесімен шығыс бағытта Айналмалы көшесіне дейін, Айналмалы көшесімен шығыс бағытта Құрылыс көшесіне дейін, Құрылыс көшесімен шығыс бағытта Жаңа құрылыс көшесіне дейін, Жаңа құрылыс көшесімен солтүстік бағытта Ақын Сара көшесіне дейін, Ақын Сара көшесімен шығыс бағытта Наурыз көшесіне дейін, Наурыз көшесімен оңтүстік бағытта Мақатаев көшесіне дейін, Мақатаев көшесімен шығыс бағытта Ақсай көшесіне дейін. Ақсай көшесімен оңтүстік бағытта Лермонтова көшесіне дейін, Лермонтова көшесімен батыс бағытта Маметова көшесіне дейін, Маметова көшесімен оңтүстік бағытта Желтоқсан көшесіне дейін, Желтоқсан көшесімен оңтүстік бағытта Орталық көшесіне дейін, Орталық көшесімен оңтүстік-шығыс бағытта Ақсай көшесіне дейін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады