Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің 2011 жылғы 17 қаңтардағы "Алматы қаласы Медеу ауданында сайлау учаскелерін құру туралы" № 01-4/01 шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің 2015 жылғы 27 ақпандағы N 01-4/01 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2015 жылы 27 ақпанда N 1135 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 06-01/03 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің 11.04.2019 № 06-01/03 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасы Елбасының 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 768 жарлығына сәйкес Алматы қаласы аумағына елді-мекендердің қосылуына байланысты және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 23 бабы 1, 2 тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабына сәйкес, Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі ШЕШТІ:

      1. Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің 2011 жылғы 17 қаңтардағы "Алматы қаласы Медеу ауданында сайлау учаскелерін құру туралы" № 01-4/01 шешімінің қосымшасына (нормативтік құқықтық акті 2011 жылғы 17 қаңтардағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне № 873 болып тіркелген, "Алматы ақшамы" газетінің 2011 жылғы 10 ақпандағы 15-16 және "Вечерний Алматы" газетінің 2011 жылғы 10 ақпандағы № 20-21санында жарияланған) осы шешімнің қосымшасына сәйкес толықтырулар енгізілсін.

      2. Нормативтік құқықтық актіні Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізсін.

      3. Аталған шешімді интернет-ресурста орналасуын қамтамасыз етілсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Медеу ауданы әкімі аппаратының басшысы С. Дусманбетовага жүктелсін.

      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі

С. Мәкежанов


  Алматы қаласы
Медеу ауданы әкімінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 01-4/01 шешіміне қосымша

      № 499 сайлау учаскесі

      Орталығы: № 194 жалпы білім беру мектебі, Алматинская, 7А, телефон: 8 (727) 74-42-789.

      Шекарасы: Алматы облысы бұрынғы Көлсай селосы, Алматы облысы бұрынғы Сұлусай селосы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады