Петропавл қаласы көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 6 мамырдағы N 155 және Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2015 жылғы 6 мамырдағы N 35/3 шешімі біріккен қаулылары. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 мамырда N 3261 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастикалық комиссияның қорытындысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Петропавл қаласының мына көшелері қайта аталсын:
      1) Юбилейная көшесі – Жәлел Қизатов атындағы көшеге;
      2) Ә. Досмұхамбетов қысқа көшесі – Ысқақ Ыбыраев атындағы көшеге;
      3) Рижская көшесінің бір бөлігі (Я.Гашек көшесінен Пушкин көшесіне дейін) – Тауфик Мухамед-Рахимов атындағы көшеге.
      2. "Солнечный" ықшам ауданындағы жаңа көшеге Фазыл Кәрібжановтың аты берілсін.
      3. Осы бірлескен қаулы мен шешім бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан облысының
әкімі
Е. Сұлтанов
      Солтүстік Қазақстан облыстық
мәслихаттың ХХХV сессиясының
төрағасы
С. Махметов
      Солтүстік Қазақстан облыстық
мәслихаттың хатшысы
Қ. Едіресов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады