Солтүстік Қазақстан облысы бойынша әлеуметтік мәні бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) теміржол жолаушылар қатынастарының тiзбесін бекіту туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2015 жылғы 29 маусымдағы № 36/4 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 28 шілдеде N 3331 болып тіркелді

      "Теміржол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 3-тармағы 1) тармақшасына сәйкес қолжетімді тарифтер деңгейін әрі Солтүстік Қазақстан облысы аумағы бойынша халықтың еркін қозғалуына мүмкіндікті қамтамасыз ету мақсатында Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша әлеуметтік мәні бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) теміржол жолаушылар қатынастарының тiзбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң колданысқа енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан облыстық
мәслихаттың
XXXVI сессиясының төрағасы
С. Махметов
      Солтүстік Қазақстан облыстық
мәслихаттың хатшысы
Қ. Едресов

  Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 29 маусымдағы № 36/4 шешімімен бекітілді

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша әлеуметтік мәні бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) теміржол жолаушылар қатынастарының тізбесі

Р/с

Қатынастар
1.
Петропавл-Есілкөл (Омбы облысының шекарасына дейін)
2.
Петропавл-Макушино (Қорған облысының шекарасына дейін)

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады