"Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 тамыздағы № 310 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 25 қыркүйекте N 3391 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 16 маусымдағы N 235 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 16.06.2016 N 235 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
       "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 3-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан
облысының әкімі
Е. Сұлтанов

  Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы
  20 тамыздағы
  № 310 қаулысымен
  бекітілген

      

"Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау"

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

1. Жалпы ережелер

      
      1. "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-2/419 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11455 болып тіркелген) бекітілген "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) негізінде "Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) көрсетеді.
      Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттар қабылдауды осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес аудандар мен Петропавл қаласының ауыл шаруашылығы бөлімдері (бұдан әрі - Бөлім) жүзеге асырады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Басқарма береді. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру Стандарттың 8-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсыну.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.      

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)

іс-қимылы тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме Стандартқа 1, 2, 3, 4, 5-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтінімдер болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
      1) Бөлім кеңсесі ілгеріде жауапты орындаушыны айқындау үшін Бөлім басшысына кіріс хат-хабарды бере отыра, қабылдап, тіркеуді жүзеге асырады – 30 (отыз) минут.
      Нәтижесі – тіркелген кіріс нөмірі бар өтініш;
      2) Бөлімнің жауапты орындаушысы субсидияларды алуға құжаттар қабылдау мерзімін көрсете отырып, субсидиялау бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдаудың басталғаны, Ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі - ВАК) жұмыс тәртібі туралы хабарландыруды аудан әкімдігінің интернет-ресурсында және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етеді – жыл сайын 20 мамырға дейін, қабылданған құжаттарды ВАК-қа береді.
      Нәтижесі - аудан әкімдігінің интернет-ресурсында және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған субсидиялау бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдаудың басталғаны, ВАК-тың жұмыс тәртібі туралы хабарландыру;
      3) ВАК Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 4-2/664 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10190 болып тіркелген) бекітілген Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) 13 және 14-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша аудан бойынша субсидия алушылар тізбесін (бұдан әрі – Аудан бойынша тізбе), сондай-ақ Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің (бұдан әрі - АШТӨ) өтінімдері олар арқылы берілген Аудан бойынша тұқым өсіру шаруашылықтарының тізілімін (бұдан әрі – Аудан бойынша тізілім) қалыптастырып, ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органына бекітуге жолдайды – 3 (үш) жұмыс күні ішінде.
      Нәтижесі - Аудан бойынша субсидия алушылар тізбесі және Аудан бойынша тұқым өсіру шаруашылықтарының тізілімі;
      4) Аудан (қала) әкімі Аудан бойынша тізбені және Аудан бойынша тізілімді алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде бекітеді.
      Нәтижесі – бекітілген Аудан бойынша тізбе және Аудан бойынша тізілім;
      5) Бөлім Аудан бойынша тізбені және Аудан бойынша тізілімді бекітілгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Басқармаға ұсынады.
      Нәтижесі – Басқарманың Аудан бойынша субсидия алушылар тізбесін және Аудан бойынша тұқым өсіру шаруашылықтарының тізілімін қабылдауы;
      6) Басқарма құжаттар келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде мыналарды жасап, бекітеді:
      Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысанда облыс бойынша бірінші көбейтілген, бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын сатып алу (тұқым өсіру шаруашылығының пайдалануы) көлемдері жөніндегі жиынтық актілерді:
      мыналардың шығындарын ішінара өтеуге субсидиялар төлеу үшін:
      1) тұқым өсіру шаруашылықтарын қоспағанда, АШТӨ-нің бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын (Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы саласындағы заңнамасына сәйкес жақын және алыс шетелден және республиканың басқа облыстарынан әкелінетін тұқымдарды қоса алғанда) сатып алуға;
      2) тұқым өсіру шаруашылықтарының өзі өсірген бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын егіске пайдалануға;
      оларды АШТӨ-ге арзандатылған құны бойынша сату шартымен элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарының жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерін өсіру шығындарын ішінара өтеуге субсидиялар төлеу үшін Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысанда облыс бойынша жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерін сату көлемдері жөніндегі жиынтық актілерді;
      облыс бойынша бекітілген жиынтық актілер бойынша және субсидиялардың белгіленген мөлшерлерінің негізінде төлеуге жататын субсидиялардың көлемдерін айқындайды;
      мыналарға арналған шығындарды ішінара өтеуге субсидиялар төлеу үшін жиынтық ведомостерді қалыптастырады және бекітеді:
      Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынған (тұқым өсіру шаруашылығы пайдаланған) бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарына;
      Қағидаларға 20-қосымшаға сәйкес нысан бойынша АШТӨ-ге өткізілген элиталық көшеттерді өсіруге (әрбір элиталық тұқым өсіру шаруашылығына белгіленген квота шегінде).
      Нәтижесі – жасалған және бекітілген:
      облыс бойынша бірінші көбейтілген, бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын сатып алу (тұқым өсіру шаруашылығының пайдалануы) көлемдері жөніндегі жиынтық актілер;
      облыс бойынша жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерін сату көлемдері жөніндегі жиынтық актілер;
      мыналарға арналған шығындарды ішінара өтеуге субсидиялар төлеу үшін қалыптастырылған және бекітілген жиынтық ведомостер:
      сатып алынған (тұқым өсіру шаруашылығы пайдаланған) бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарына арналған;
      АШТӨ-ге өткізілген элиталық көшеттерді өсіруге арналған;
      7) Басқарма тиісті жиынтық ведомості бекіткеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін және төлем шоты қағаз тасығышта ұсынылған жағдайда оны екі данада ұсынады, ал төлем шоттарын "Қазынашылық-Клиент" ақпараттық жүйесі бойынша өткізген кезде төлем шоттарының тізілімі ұсынылмайды.
      Нәтижесі - аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін ұсыну.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)

өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      Бөлім кеңсесі;
      Бөлімнің жауапты орындаушысы;
      ВАК;
      Аудан (қала) әкімі;
      Басқарма.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
      1) Бөлім кеңсесі кіріс хат-хабарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады – 30 (отыз) минут;
      2) Бөлімнің жауапты орындаушысы субсидияларды алуға құжаттар қабылдау мерзімін көрсете отырып, субсидиялау бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдаудың басталғаны, ВАК-тың жұмыс тәртібі туралы хабарландыруды аудан әкімдігінің интернет-ресурсында және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етеді – жыл сайын 20 мамырға дейін;
      3) ВАК Қағидаларға 13 және 14-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша Аудан бойынша тізбені, сондай-ақ Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес АШТӨ-нің өтінімдері олар арқылы берілген Аудан бойынша тізілімді қалыптастырып, ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органына бекітуге жолдайды – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      4) Аудан (қала) әкімі Аудан бойынша тізбені және Аудан бойынша тізілімді алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде бекітеді;
      5) Бөлім Аудан бойынша тізбені және Аудан бойынша тізілімді бекітілгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Басқармаға ұсынады;
      6) Басқарма құжаттар келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде мыналарды жасап, бекітеді:
      Қағидалардың 8-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген субсидияларды төлеу үшін – Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысанда облыс бойынша бірінші көбейтілген, бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын сатып алу (тұқым өсіру шаруашылығының пайдалануы) көлемдері жөніндегі жиынтық актілерді;
      Қағидалардың 8-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген субсидияларды төлеу үшін – Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысанда облыс бойынша жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерін сату көлемдері жөніндегі жиынтық актілерді;
      облыс бойынша бекітілген жиынтық актілер бойынша және субсидиялардың белгіленген мөлшерлерінің негізінде төлеуге жататын субсидиялардың көлемдерін айқындайды;
      мыналарға арналған шығындарды ішінара өтеуге субсидиялар төлеу үшін жиынтық ведомостерді қалыптастырады және бекітеді:
      Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынған (тұқым өсіру шаруашылығы пайдаланған) бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарына арналған;
      Қағидаларға 20-қосымшаға сәйкес нысан бойынша АШТӨ-ге өткізілген элиталық көшеттерді өсіруге (әрбір элиталық тұқым өсіру шаруашылығына белгіленген квота шегінде) арналған;
      7) Басқарма тиісті жиынтық ведомості бекіткеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін және төлем шоты қағаз тасығышта ұсынылған жағдайда оны екі данада ұсынады, ал төлем шоттарын "Қазынашылық-Клиент" ақпараттық жүйесі бойынша өткізген кезде төлем шоттарының тізілімі ұсынылмайды.
      8. "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік қызметін көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.
      

  "Тұқым шаруашылығын дамытуды
  субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін
  қызмет регламентіне
  1-қосымша

Солтүстік Қазақстан облысының, аудандардың,

Петропавл қаласының жергілікті атқарушы органдарының тізбесі

      1. "Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Парк көшесі, 57 "В";
      2. "Айыртау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылы, Сыздықов көшесі, 4;
      3. "Ақжар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Талшық ауылы, Целинная көшесі, 13 үй;
      4. "Аққайың аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Смирново ауылы, Народная көшесі, 37 үй;
      5. "Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Явленка ауылы, Ленин көшесі, 10 үй;
      6. "Жамбыл ауданының ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Пресновка ауылы, Дружба көшесі, 6 үй;
      7. "Мағжан Жұмабаев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданы, Булаев қаласы, Пионерская көшесі, 2 "А" үй;
      8. "Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Бескөл ауылы, Институт көшесі, 1 үй;
      9. "Мамлют ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Мамлютка қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, 5 үй;
      10. "Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоишим ауылы, Абылай Хан көшесі, 28 үй;
      11. "Тайынша ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 197;
      12. "Тимирязев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, Тимирязев ауылы, Ш. Уәлиханов көшесі, 1;
      13. "Уәлиханов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл ауылы, Жамбыл көшесі, 76 үй;
      14. "Шал ақын ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Сергеевка қаласы, Победа көшесі, 35;
      15. "Петропавл қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 23.

  "Тұқым шаруашылығын дамытуды
  субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін
  қызмет регламентіне
2-қосымша

"Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік қызметін көрсетудің

бизнес-процестерінің анықтамалығы


      Шартты белгілер:


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады