Солтүстік Қазақстан облысының азаматтарына облыстан тысқары емделуге бюджет қаражаты есебінен ақысыз жол жүруді ұсыну туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы N 40/9 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 15 қаңтарда N 3563 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 14 қарашадағы № 16/6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 14.11.2017 № 16/6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткең соң қолданысқа енгізіледі)
      "Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексіне сәйкес, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысының азаматтарына және оралмандарға облыстан тысқары Қазақстан Республикасы шегінде жоғары мамандандырылған медициналық көмек (әрі қарай - ЖММК) көрсетуге бюджеттік қаражат есебінен ақысыз жол жүру ұсынылсын.
      2. ЖММК алуға жіберілген науқастардың және олардың жолсерік адамының облыстан тысқары Қазақстан Республикасы шегінде жол жүру құнын өтеу "Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі ЖММК алуға берген жолдама бар болған жағдайда бюджет қаражаты есебінен, темір жол көлігінің плацкарт вагоны билетінің құны мөлшерінен аспайтын, әуе, темір жол және қала аралық автомобиль көлігінде (екі жаққа да) жүруіне жүргізіледі.
      3. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан
облыстық мәслихаттың
ХХХХ сессиясының төрағасы
А.Сапаров
      Солтүстік Қазақстан
облыстық мәслихаттың
хатшысы
Қ. Едіресов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады