Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2016 жылғы 1 тоқсанға арналған кедейлік шегін анықтау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 516 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 19 қаңтарда N 3566 болып тіркелді

      "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 2-бабы 1-2-тармағы 2) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2016 жылғы 1 тоқсанға арналған кедейлік шегі 7 418 (жеті мың төрт жүз он сегіз) теңге болып белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 01 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
      Солтүстік Қазақстан
облысының әкімі
Е. Сұлтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады