1. "Солтүстік Қазақстан облысы аумағында жануарларды ұстау Қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 14 шілдедегі № 36/7 Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 12 тамыз № 3346 тіркелген, "Солтүстік Қазақстан" газетінде 2015 жылғы 20 тамыз және "Северный Казахстан" газетінде 2015 жылғы 20 тамызда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген Қағидалардың 7 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының аумағында орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 7-1/496 бұйрығына сәйкес тасымалдауға (орнын ауыстыруға) жататын орын ауыстыратын (тасымалданатын) жануарлар "Ветеринарлық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығына сәйкес ветеринариялық құжаттар арқылы сүйемелденеді. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) жануарларды ветеринариялық құжатсыз тасымалдауға (орнын ауыстыру) жол берілмейді".
2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың XXXХ сессиясының төрағасы |
А. Сапаров |
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың хатшысы |
Қ. Едіресов |