"Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар – жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық – материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар – жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық – материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларының 10-тармағына сәйкес Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Петропавл қаласында 2015 жылы екінші дақыл айналымына басым ауыл шаруашылық дақылдарын егудің оңтайлы мерзімдері анықталсын, қосымшаға сай.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.Н. Смаиловаға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 1 маусымда пайда болған кезіне сәйкес жарияланады.
Қала әкімі | М. Тасмағанбетов |
Петропавл қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 17 шілдегі № 1305 қаулысына қосымша |
Петропавл қаласында 2015 жылы екінші дақыл айналымына басым ауыл шаруашылық дақылдарын егудің оңтайлы мерзімдерін анықтау туралы
№ р/р | Дақылдардың атауы | Егу мерзімдері |
1 | Қияр | 2015 жылғы 1 маусымнан 30 қыркүйек аралығында |