"Петропавл қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы"

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 1560 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 9 қазанда N 3402 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі № 666 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 10.04.2017 № 666 қаулысымен (алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 42, 45-47 - баптарына, "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 6-3 бабына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 124 - бабына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік орган туралы үлгі ережеге сәйкес, сондай-ақ "Петропавл қаласының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы" Петропавл қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 404 қаулысының негізінде Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Петропавл қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. "Петропавл қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекемені Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде қайта тіркеуді жүргізсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.Н. Смаиловаға жүктелсін.
      4. Осы қаулы бірінші ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 25 ақпаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
      Қала әкімі М. Тасмағанбетов

  БЕКІТІЛДІ
Петропавл қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 09 қыркүйектегі № 1560 қаулысымен

"Петропал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. "Петропавл қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлiмi" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік, туризм және ауыл шаруашылық салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
       2. "Петропавл қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
       3. "Петропавл қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлiмi" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
       4. "Петропавл қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлiмi" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанында заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады.
       5. "Петропавл қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлiмi" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
       6. Егер заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса "Петропавл қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
       7. "Петропавл қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлiмi" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Петропавл қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлiмi" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен ресімделетін шешімдерін қабылдайды.
       8. "Петропавл қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
       9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 150008, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесi, 23.
       10. "Петропавл қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі:
       дүйсенбі – жұма күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі – жексенбі.
       11. Мемлекеттік органның мемлекеттік тілдегі толық атауы "Петропавл қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлiмi" мемлекеттік мекемесі;
       орыс тілінде: государственное учреждение "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Петропавловска".
       12. "Петропавл қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып мемлекет атынан Петропавл қаласы әкімдігі табылады.
       13. Осы Ереже "Петропавл қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшы құжаты болып табылады.
       14. "Петропавл қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
       15. "Петропавл қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлiмi" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Петропавл қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
       Егер "Петропавл қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлiмi" мемлекеттік мекемесіне кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Петропавл қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

       16. Миссиясы: "Петропавл қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлiмi" мемлекеттік мекемесі қаланың атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді және кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылық саласындағы мемлекеттік саясатты өзінің шектеулі құзыретінде жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
       17.Міндеттері:
       1) өнеркәсіп, кәсіпкерлік, туризм және ауыл шаруашылығы салаларын дамытудың басымдық аймақтық бағдарламаларын әзірлеу, оларды іске асыруға қатысу;
       2) қолданыстағы заңнамаға және мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру, қала тұрғындарының сұранысын қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін тиімді өткізуді ұйымдастыруға жәрдемдесу;
       3) Петропавл қаласы аймағында мемлекеттік сауда саясатын жүргізу;
       18.Функциялары:
       1) жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мемлекеттік саясатын жүзеге асыру;
       2) ауыл шаруашылығын және жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасау;
       3) қала аймағында шағын кәсіпкерлікті және инновациялық қызметті қолдауға арналған инфрақұрылымдық объектілер құрылуын қамтамасыз ету;
       4) жеке кәсіпкерлік субъектілер бірлестіктерімен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен жергілікті атқарушы органдардың өзара қатынасын дамытудың стратегиясын анықтау;
       5) сараптама кеңестерінің қызметтерін ұйымдастыру;
       6) жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлік пен шаруа қожалықтарына мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету;
       7) кәсіпкерлік пен өнеркәсіп саласына инвестиция тартуға және инвестициялық, сондай-ақ инновациялық жобалар тізімі бойынша ұсыныстар дайындауға көмектесу;
       8) шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін персонал мамандарын оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
       9) Петропавл қаласында туризм кластерін дамытуға қатысу;
       10) агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне мемлекеттің агроөнеркәсіп саласындағы саясатының негізгі бағыттарын және тетіктерін түсіндіру жұмыстар жүргізу;
       11) агроөнеркәсіптік саласының дамуы туралы тұрақты түрде сараптама ақпарат дайындау;
       12) өз құзыры шеңберінде әлеуметті маңызы бар азық-түлік тауарларының бөлшек сауда бағалары рұқсат берілген мөлшерден аспауына тұрақты мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру
       13) жергілікті мемлекеттік басқарудың мүддесіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге өкілеттіктерді жүзеге асыру;
       19. Құқықтары мен міндеттері:
       Құқығы:
       1) "Петропавл қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік органдар және басқа да ұйымдардан, лауазымдық тұлғалардан алдында қойылған міндеттерді орындауға байланысты төлемақысыз негізде қажетті ақпаратты, құжаттар мен басқа да материалдарды сұрауға және алуға;
       2) шарттар жасауға;
       3) қолданыстағы заңнамалық актілермен көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
       Міндеттері:
       1) мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдамалық жұмысын жүзеге асыру ;
       2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын іске асыру, қалалық мемлекеттік органдары жүйесінде кадрлардың біліктілігін арттыруды іске асыру;
       3) қолданыстағы заңнамалық актілермен көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

3. "Петропавл қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

       20. "Петропавл қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесін басқаруды бірінші басшы жүргізеді. Оған "Петропавл қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттермен функцияларды орындау және жүзеге асыру дербес жауапкершілік жүктелген.
       21. "Петропавл қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Петропавл қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
       22. "Петропавл қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
       23. "Петропавл қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
       1) мемлекеттік мекеме туралы Ережені Петропавл қаласы әкімдігінің бекітуіне ұсынады;
       2) Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін, облыс және қала әкімдігінің қаулыларын орындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, жоғары тұрған органдарды олардың орындалу барысы туралы жүйелі түрде ақпарат етеді;
       3) бұйрықтар шығарады;
       4) "Петропавл қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау бойынша шаралар қолданады;
       5) "Петропавл қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз іс-әрекет жасайды;
       6) "Петропавл қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесін мемлекеттік органдарда, өзге ұйымдарда өкілеттік етуге мүдделі;
       7) заңнамамен белгіленген жағдайларда және шегінде мүлікке иелік етеді;
       8) белгіленген заңнама тәртібінде шарттар жасайды;
       9) сенімхаттар береді;
       10) "Петропавл қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің актілеріне қол қояды;
       11) "Петропавл қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;
       12) "Петропавл қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің функциялық міндеттерін анықтайды;
       13) "Петропавл қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне мадақтау шараларын және тәртіптік жаза қолданады;
       14) заңнамамен және осы Ережемен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
       "Петропавл қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезде оның міндеттерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
       24. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
       25. "Петропавл қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексімен және ұжымдық шартпен белгіленеді.

4. "Петропавл қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

       26. "Петропавл қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
       "Петропавл қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
       27. "Петропавл қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
       28. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Петропавл қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлiктi өз бетімен иеліктен шығаруға немесе өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Петропавл қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

       29. "Петропавл қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады