"Петропавл қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Петропавл қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 1560 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі № 666 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 24 сәуірде № 4155 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Петропавл қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Петропавл қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 09 қыркүйектегі № 1560 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 09 қазанда № 3402 тіркелген, 2015 жылғы 30 қазандағы "Қызылжар нұры" газетінде, 2015 жылғы 30 қазандағы "Проспект СК" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау осы саланы басқаратын қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы оны алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі М. Тасмағанбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады