Аққайың аудандық мәслихат депутатын сайлау бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын анықтау және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай ұсыну туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 28 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 18 ақпанда N 3108 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі N 120 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 16.04.2015 N 120 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңы 28 бабының 4, 6 тармақтарына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шығып қалғанның орнына № 120 сайлау учаскесі бойынша аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттардың Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру орны 1 қосымшаға келісті анықталсын.
      2. Шығып қалғанның орнына № 120 сайлау учаскесі бойынша аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлаушылармен Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында кездесуі үшін шарттық негізде 2 қосымшаға келісті үй-жай ұсынылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы С.Қ. Сарсымбаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аққайың ауданы әкімінің м.а. Е. Жақыпов
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың аудандық сайлау комиссия
төрағасының орынбасары
2015 жылғы 23 қаңтар
О. Плищенко

  Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 28 қаулысына 1 қосымша

Шығып қалғанның орнына № 120 сайулау учаскесі бойынша аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Елді мекен атауы
Орналастыру орны
Смирново ауылы
"Аққайың аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының аумағындағы ақпараттық стенд, Народная көшесі, № 37
"Аққайың ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының аумағындағы ақпараттық стенд, Зеленая көшесі, № 7

  Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 28 қаулысына 2 қосымша

Шығып қалғанның орнына № 120 сайулау учаскесі бойынша аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай

Елді мекен атауы
Кездесу өткізу орны
Смирново ауылы
"Смирново № 3 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің спорт зал, Пушкин көшесі, 24 а.

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады