Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының білім беру мекемелерінде 2015 жылға мектепке дейінгі тәрбие оқытуға мемлекеттік беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 41 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 2 наурызда N 3128 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің аппаратының басшысы 2016 жылғы 15 қаңтардағы N 5.1.3-7/93)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің аппаратының басшысы 15.01.2016 N 5.1.3-7/93).
      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы 6 бабы 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының білім беру мекемелеріндегі 2015 жылға мектепке дейінгі тәрбие оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерлері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 6 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатыныстарға таралады.
      Аудан әкімінің м.а Е. Жақыпов

  Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 41 қаулысына қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының білім беру мекемелерінде 2015 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерлері

Мектепке дейінгі тәрбие мен білім оқыту мекеменің атауы
Мектепке дейінгі тәрбие мен білім оқыту мекемелерінің балалар саны (адам)
Мектепке дейінгі тәрбие мен білім оқыту мекемелерінде жан басына шаққандағы айына қаржыландырудың құны (теңге)
Ата-ананың айына ақы төлеу мөлшері (теңге)
Айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданы әкімдігінің "Балапан" ясли-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Жергілік бюджетінен қаржыланады
140
21344,4
8000
21344,4
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің "Чебуршка" ясли-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Жергілік бюджетінен қаржыланады
60
30052,2
6240
30052,2
Республика бюджетінен қаржыланатын мектепке дейінгі шағын орталықтар
235
8052,8
7000
8052,8
Жергілік бюджетінен қаржыланатын мектепке дейінгі шағын орталықтар
340
10709,1
7000
10709,1

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады