"Аққайың аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 64 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 3 наурызда N 3132 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 28 қарашадағы № 303 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 28.11.2016 № 303 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының Үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Аққайың аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы С.Қ. Сарсымбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы
әкімінің м.а.
Е. Жақыпов

  Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 64 қаулысымен бекітілген

"Аққайың аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1. "Аққайың аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі аудан аумағында ветеринария саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Аққайың аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомствосы "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің "Аққайың аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ветеринарлық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны бар.
      3. "Аққайың аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Аққайың аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Аққайың аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Аққайың аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Аққайың аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Аққайың аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Аққайың аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. "Аққайың аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: 150300, Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Смирново аулы, Народная көшесі, 37.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы:
      мемлекеттік тілде: "Аққайың аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілінде: государственное учреждение "Аккайынский районный отдел ветеринарии".
      11. Осы Ереже "Аққайың аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Аққайың аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Аққайың аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Аққайың аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Аққайың аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Аққайың аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Аққайың аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
      ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту және жетілдіруге жәрдемдесу.
      15. Міндеттері:
      жануарларды аурулардан қорғау және емдеу;
      халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау;
      ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
      Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкеленуі мен таралуынан қорғау;
      ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауіпсіздігі мен сапасын бақылау;
      жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою;
      ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру.
      16. "Аққайың аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
      облыстың жергілікті өкілді органына бекіту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;
      қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;
      ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;
      мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс- шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
      ветеринария мәселелері бойынша халық арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
      жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік коммисияларды ұйымдастыру;
      жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
      жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
      мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер тізімін бекіту;
      тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;
      эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
      Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық бақылауды және қадағалауды:
      ішкі сауда объектілерінде;
      жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатың өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
      ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарда;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың буып-түйетін материалдарының барлық түрлері бойынша;
      тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік ұй-жайларында және қызметіне жүзеге асыру;
      мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, қайта құру және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялык-санитариялык бақылау және қадағалау актісін жасау;
      тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс–шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру;
      ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және облыстық жергілікті атқарушы органына ақпарат беру;
      ветеринарлық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыну;
      облыстың жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жөнінде ұсынастар енгізу;
      облыстың жергілікті атқарушы органына профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі жөнінде ұсыныстар енгізу;
      ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру;
      облыстың жергілікті атқарушы органына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар туралы ұсыныстар енгізу;
      ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;
      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдау, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органнан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
      белгіленген ветиринариялық-санитариялық ережелер мен нормативтерді бұзу жағдайда, ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалардың лицензияларын заңнамада белгіленген тәріппен кері қайтарып алуға бастамашы болуға;
      белгіленген тәртіпте төтенше эпизоотияға қарсы комиссияларды құру туралы ұсыныстар енгізуге;
      Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіпте кедергісіз баруға (қызметтік куәлікті ұсыну жағдайда), сондай-ақ ветеринария саласындағы жеке және заңды тұлғалардың қызметі туралы ақпаратты алуға;
      мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау объектілері сынамаларын мүдделі тұлғаларды зерттеу өткізудің мерзімі туралы хабарламамен диагностикасы немесе ветеринариялық-санитариялық сараптамасымен бірге іріктеуді жүргізуге;
      мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық қадағалау және бақылау өткізуге;
      ветеринарлық құжаттарды беруге;
      осы Ережеде көрсетілген өкілеттіктер шегінде актілер шығаруға;
      ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда, сондай-ақ қолайсыз пункттерде жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді анықтау кезінде, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алып қою және жою, оларды залалсыздандыру (зарарсыздандыру) немесе қайта өңдеуді ұйымдастыруға қатысу, сонымен қатар көрсетілген деректер туралы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға хабардар етуге;
      Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу жағдайда сотқа арыз-талап қоюға құқылы.

3. "Аққайың аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      18. "Аққайың аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Аққайың аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      19. "Аққайың аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысын аудан әкімі қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметінен босатады.
      20. "Аққайың аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары жоқ.
      21. "Аққайың аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысының өкілеттігі: "Аққайың аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастырады және басшылық етеді,
      мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарларын бекітеді;
      мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;
      сенімхаттар береді;
      заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;
      өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;
      мемлекеттік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;
      мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
      ер азаматтардың және әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді;
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету;
      сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады;
      "Аққайың аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам атқарады.
      22. Басшы қызметкерлерінің өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. "Аққайың аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      23. "Аққайың аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауландырылған мүлкі болуы мүмкін.
      "Аққайың аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, оған құрлытайшы - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірісті қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Аққайың аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, "Аққайың аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Аққайың аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Аққайың аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

6. "Аққайың аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі мен өзара қарым-қатынастар

      27. "Аққайың аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі және оның еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңнамасына сәйкес анықталады.
      28. "Аққайың аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс уақыты 9:00-ден 18:30-ға дейін, аптасына бес күн, демалыс күндері кесте бойынша, түскі үзіліс – 13:00-ден 14.30-ға дейін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады