"Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 12 маусымдағы № 155 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 9 шілдеде N 3301 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 28 қарашадағы № 303 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 28.11.2016 № 303 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2011 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 124 бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының Үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекетті мекемесінің басшысы А.В. Шабаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданының әкімі
Д. Байтөлешов

  Солтүстік Казақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 12 маусымдағы № 155 қаулысымен бекітілген

"Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі аудан аумағында құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласын басқаратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган болып табылады.
      2. "Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
       3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының Заңдарына, басқа да нормативті-құқықтық актілеріне, сонымен қатар осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
      5. "Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен бекітілген тәртіпте өз құзыретіндегі мәселелер бойынша басшының бұйрығымен рәсімделген шешімдер және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қаралған өзге де актілер қабылдайды.
      8. "Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. "Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшы Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданының әкімдігі болып табылады (БСН 931240000934).
      10. "Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан орны: 150300, Қазахстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Смирново ауылы, Зеленая көшесі, 13.
      11. Мемлекеттік мекеменің толық атауы –
      мемлекеттік тілде: "Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі"
      орыс тілінде: государственное учреждение "Аккайынский районный отдел строительства, архитектуры и градостроительства"
      12. Осы Ереже "Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      13. "Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының жергілікті бюджеті есебінен және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған түсімдер қаражатынан жүзеге асырылады.
      14. "Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілермен "Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметтері болып табылатын міндеттерді орындау мәніне келісім-шарт қатынастарға түсуге тыйым салынады.
       "Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті атқаруға құқық берілген кезде осы қызмет бойынша қабылданған кірістер мемлекет бюджетіне бағытталынады.

2. "Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекеменің мақсаты (миссиясы), қызмет мәні (міндеттері), функциялары, құқықтары мен міндеттері

      15. "Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаты (миссиясы):
       Қазақстан Республикасының заңнамаға сәйкес Аққайың ауданында құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік саясатты іске асыру.
      "Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату" мемлекеттік мекемесінің мақсаты ауданның сәулет, қала құрылыс саласындағы дамыған қызметтер нарығын, халықтың өмір сүруі үшін жағымды жағдай жасау болып табылады.
      "Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату" мемлекеттік қызметінің мәні сәулет, қала құрылысы және құрылыс, және де ауданның елді мекендері шекарасында (шегінде) жабдықтау саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын іске асыру болып табылады.
      16. Міндеттер:
      1) аудан аумағынында құрылыс, сәулет және қала құрылысы салаларында мемлекеттік саясатты өткізу;
      2) аудан аумағынында өз құзыреті шеңберінде құрылыс, сәулеттік және қала құрылысы іс-қимылдар бойынша мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру;
      3) мемлекеттік органның құзыретіне жататын бағыттар бойынша мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру;
      4) мемлекететтік көрсетілетін қызметтер сапасын көтеру;
      5) тұрғынды орындар елді мекендер мен және аумақтардың әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылымды құрастыру;
      6) ауданның елді мекендерінің бас жоспарларының жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
      7) қала құрылысы мақсаттары үшін жер учаскелерін ұсыну, объектілерді және кешендерді орналастыру және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен қарастырылған жағдайларда, мемлекеттік қажеттілік үшін оларды тартып алу бойынша ұсыныстар дайындау;
      8) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүдделерін қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік сәулет – құрылыс бақылау және лицензиялау, жобаларды мемлекеттік сараптау аумақтық бөлімшелерімен өзара әрекет жасау;
      9) тиісті деңгейдегі мемлекеттік қала құрылыс кадастрын жүргізу;
      10) ауданда ағымдық құрылысты және абаттандыруды қалыпқа келтіру;
      11) мемлекеттік органдар объектілерін салу, қайта жаңарту;
      12) елді мекендерді дамыту және аумақтарды оңтайлы салу;
      13) отандық құрылыс өнімдерінің сапасын және бәсекеге қабілеттілігің арттыру;
      14) құрылыс қызметіндегі біріктірілген үрдістерді тереңдеу;
      15) Қазақстан Республикасы заңдылығымен заңнамасымен көрсетілген ескерілген басқа міндеттерді жүзеге асыру;
       17. Функциялар:
      1) "Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі коммерциялық емес сипаттағы басқарушылық функцияларды, Қазақстан Республикасының Конституциясының мен Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, сәйкес жүзеге асырады;
      2) салынып жатқан (құрылысқа белгіленген) объектілер мен кешендерге мониторингті жүргізу;
      3) Қазақстан Республикасы заңнамасымен бекітілген орнатылған тәртібі бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету;
      4) нысаналы мақсатты бағыттарына сәйкес бюджеттік қаржылар және материалды құндылықтарды тиімді қолданылуын қамтамасыз ету;
      5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласы бойынша жедел ақпаратты, анықтамаларды және есептердi дайындау;
      6) жеке және заңды тұлғалалар өтініштері бойынша жұмыс;
      7) бөлім құзыретіне жататын жоғарғы мемлекеттік органдардың тапсырмаларды іске асыруға арналған іс-шаралар жоспарларын әзірлеу;
      8) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы соттарында "Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мүдделерін ұсыну;
      9) ауданның қала құрылысы жобалаудың аудандық жоспарлау жобасы кешенді схемасын, ауданның елді мекендерінің заңамамен белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарларын іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;
      10) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге қала құрылысының өзгерістері туралы халыққа хабарлап отыру;
      11) құрылыс, аумақты инженерлік дайындау, көріктендіру мен абаттандыру, құрылысы аяқталмаған объектілерді консервациялау, аудандық маңызы бар объектілерді постутилизациялау бойынша кешенді жұмыстар жүргізу мәселелері жөнінде ұсыныстар енгізу;
      12) аудан аумағында қала құрылыспен дамыту схемаларын, сондай – ақ ауылдық елді мекендердің бас жоспарларымен жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;
      13) елді мекендердің бекетілген бас жоспарларын дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жоспарларын (аумақ даму схемалары) іске асыру;
      14) салу не – өзге де қала құрылысын меңгеру үшін жер учаскелерін таңдау, ұсыну, заңнамалық актілермен қарастырылған жағдайларда, мемлекеттік қажеттілік үшін тартып алу бойынша ұсыныстар әзірлеу;
      15) сәулет, қала құрылысы мен құрылыс мәселелері бойынша құқықтық актілер әзірлеу және келсу;
      16) ауданның елді мекендерінде құрылыс салу және жоспарлау нормаларын және ережелерін сақтау бойынша жұмыстар жүргізу;
      17) сәулет – жоспарлау тапсырмасын беру;
      18) аудан аумағында сумен жабдықтау жүйесін, тұрғын үй – коммуналдық, инженерлік – коммуникациялық желілер, ауыл шаруашылығы, абаттандыру, мәдениет, спорт, білім беру объектілері құрылысы және қайта құру;
      19) құрылысы аяқталған объектілерді өткізу және оларды пайдаланатын кәсіпорындар мен ұйымдар балансына тапсыру бойынша жұмыстарды үй ымдастыру;
      20) орындалған жұмыстарды және көрсетілген қызметтерді келісімшарттық міндеттемелерге сәйкес қабылдауды жүзеге асыру;
      21) Қазақстан Республикасы заңдылық актілермен бекітілген құзырет шеңберінде сәулеттік қала құрылысы және құрылыс саласында басқа да функцияларды жүзеге асыру.
      18. Құқықтары мен міндеттері:
      1) "Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен, ұйымдармен және ұйымдармен бөлімге қатысты мәселелер бойынша қызметтік хат алмасуды жүргізу;
      2) "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңы, "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңы негізінде "Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша ауданның атқарушы органдарынан қажетті құжаттарды,ақпаратты сұрау және алу;
      3) "Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі құзыретіне жататын мәселелер бойынша аудан әкімдігінің және аудан мәслихатының, аудандық консультативтік-кеңес органдардың отырыстарына қатысу;
      4) мемлекеттiк қызметтердi көрсетудiң регламенттерiн қол жетiмдiлiгін қамтамасыз етiлу;
      5) мемлекеттiк қызметтердi көрсетудiң тәртiбi туралы тұтынушыларды хабарлы болу қамтамасыз етiлу;
      6) мемлекеттiк қызметтердiң тұтынушылардың шағымдарын және ұсыныстарын қарау;
      7) өз құзыретi шегiнде құқықтық акттілері шығару;
      8) әкімнің, аудан әкімдігінің және аудандық мәслихатының қарастыруына олардың құзыретіне жататын мәселелері шешу бойынша ұсыныстарды еңгізу;
      9) сотқа құынымды беру;
      10) Қазақстан Республикасының заңдылығына қолданыстағы (заңнамасына) сәйкес "Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне міндеттелген мәселелер мен функцияларды орындау;
      11) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес басқа құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. "Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекеме қызметін ұйымдастыру

      19. "Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшылығы "Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты атқаратын, басшымен жүзеге асырылады.
      20. "Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы аудан әкімімен лауазымға тағайындалады және жұмыстан босатады.
      21. "Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы құзіреті:
      1) "Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады;
      2) "Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс жоспарын бекітеді;
      3) "Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан әрекетті сенімхатсыз жүзеге асырады, "Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан "Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесінде белгіленген әрекетті іске асыруға өкілеттігімен басқа аппарат қызметкерлерін бөледі;
      4) бөлім Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамаларына сәйкес қызметкерлерді жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады, оларға белгілеген заң тәртімен мадақтау және тәртіптік жасалау шаралары қолданады;
      5) өз құзыретінің шегінде бұйрық шығарады, қызметтіқ құжаттамаға қол қояды олардың орындалуына бақылауды ұйымдастырады;
      6) ішке еңбек тәртіптемісті бекітіледі;
      7) "Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінде "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Занынның сақтауға бақылауды іске асырады;
      8) азаматтардың жеке қабылдауын өткізу және азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін қорғау бойынша шаралар қабылдайды;
      9) Қазақстан Республикасы заңымен бекітілген өкілеттікті жүзеге асырады;
      10) еркектер және әелдер тең құқықтар және тең мүмкіндіктер мемлекеттік кепілдектер туралы заңдар орындалуын қамтамасыз етіді;
      11) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді;
      12) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын орындау үшін дербес жауапкершілік етеді;
      13) бақсарылатын тұлғалар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдамалықты орындауға арналған шаралар қабылдайды, шаралар қабылдамаған үшін дербес жауапты болады;
      14) мемлекеттік қызметшілер кадрлардың оқыту, даярлау, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруын қамтамасыз етеді.
      "Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы жоғында заңнама бойынша оның міндетін атқаратын тұлға орындайды.
      22. Заңнамасына сәйкес басшысы өз қызметшілерді өкілеттік анықтайды.
      23. "Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тағайындалған және босатылатын басшымен басшылық етіледі.

4. "Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекеменің мүлігі

      24. "Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлігі құрылысшы болып табылатын Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданың әкімдігі мүлігінен олар негізгі фондтар және айналма қаражаттардан және Қазақстан Республикасы заңнамасымен көрсетілген өз қызмет шеңберінде мен қабылданған (сонымен бірге ақшалай кірістер) қаражаттардан құрылады.
      25. "Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесін бекітілген мүлік ауданның коммуналдық меншігіне жатады.
      26. Егер заңнамада өзгесі көзделмесе, "Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ
      "Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлігі жойылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес бөлінеді.

5. "Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құжаттарына өзгерту және толықтыру енгізу тәртібі

      27. "Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құжаттарына өзгерту және толықтыру енгізу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес жүзеге асырылады.

6. "Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату

      28. "Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қайтадан ұйымдастыру және жою Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

7. "Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекеме жұмысының тәртібі мен қарым-қатынасы

      29. Өзара қарым-қатынас "Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесімен және құрылтайшы арасында Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнасымен сәйкес анықталады және реттеледі.
      "Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен оның еңбек ұжымы арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес анықталады.
      30. "Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі "Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекеменің жұмыс регламентімен белгіленеді және Қазақстан Республиқасының еңбек заңнамасының талаптарына қарсы болмауы тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады