2016 жылы Аққайың ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін көтерме жәрдемақы және әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы N 38-2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 8 қаңтарда N 3531 болып тіркелді

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңы 18 бабы 8 тармағына сәйкес, Аққайың ауданы мәслихаты ШЕШТІ:
       1. 2016 жылы өтінген қажеттілігінің есебімен Аққайың ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға:
       1) өтініш түскен кезеңнен жетпіс есептік айлық көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
       2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін өтініш түскен кезеңнен бір мың бес жүз есептік айлық көрсеткіштен аспайтын маманның өтінген сомасында бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
       2. Осы шешімнің 1 тармағы 1), 2) тармақшаларының күші ветеринария саласында қызметті жүзеге асыратын ветеринарлық пунктерінің ветеринарлық мамандарына қолданылады.
       3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      V шақырылған ХХХVIII сессия
төрайымы
И. Гонтарь
      Аққайың ауданы
мәслихатының хатшысы
Қ. Құрманбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады