1. Айыртау ауданының әкімі мәлімдеген қажеттілікті ескере отырып 2016 жылға Айыртау ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға ұсынылсын:
1) өтініш берген сәтінде жетпiс еселiк айлық есептiк көрсеткiшке тең сомада әлеуметтік қолдау көтерме жәрдемақы;
2) өтініш берген сәтінде тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін, маман өтінішінде көрсетілген, бірақ бiр мың бес жүз еселiк айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомада бюджеттiк кредит түрінде әлеуметтік қолдау.
2. Осы шешімнің 1-тармағының күші ветеринария саласында қызметті жүзеге асыратын ветеринарлық пункттерінің ветеринарлық мамандарына қолданылады.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының ХХХXIV кезекті сессиясының төрағасы |
Н.Сердалин |
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының хатшысы |
Р.Тілеубаева |