2016 жылдың қаңтарынан бастап наурызға дейін Қазақстан Республикасы ер азаматтарының Ақжар ауданының аумағында тіркеуін және медициналық куәландырылуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
ЖаңаСолтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық әкімінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 28 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 14 желтоқсанда N 3497 болып тіркелді
1. 2016 жылдың қантарынан бастап наурызға дейін тіркеу жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасы ер азаматтарының "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі әскерге шақыру учаскесінде (келісім бойынша) тіркеуін және медициналық куәландырылуын ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз