2016 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарды анықтау және нысаналы топтарға жататын қосымша тұлғалар тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 279 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 19 қаңтарда N 3568 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 мамырдағы N 127 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 12.05.2016 N 127 қаулысымен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 бабы 2 тармағына, 7 бабы 2) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. 2016 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының аумағында тұратын нысаналы топтар анықталсын:
      1) табысы аз адамдар;
      2) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар;
      4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
      6) зейнеткерлік жас алдындығы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
      7) мүгедектер;
      8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
      9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      10) оралмандар;
      11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
      12) жұмыс беруші–заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші–жеке түлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлердің санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
      13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
      14) терроризм актісінен жәбірленуші адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар кіреді.
      2. 2016 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарға жататын қосымша тұлғалар тізбесі белгіленсін:
       1) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
       2) елу жастан асқан жұмыссыз тұлғалар;
       3) он екі ай және одан артық уақыт жұмыс істемеген тұлғалар;
       4) отбасында жұмыс істейтіндері жоқ тұлғалар;
       5) уақытша және маусымдық жұмыстарға қатысқан жұмыссыз тұлғалар.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан облысы
      Ақжар ауданының әкімі С. Тұралинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады