"Жер салығының базалық салық ставкаларын түзету туралы" Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 23-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 34-4 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 5 мамырда N 3241 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 2018 жылғы 5 ақпандағы № 19-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 05.02.2018 № 19-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 28 қарашадағы Заңының 1-бабы 3-тармағына 107) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Жер салығының базалық салық ставкаларын түзету туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 23-3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 30 сәуірде № 2706 тіркелген, аудандық "Есіл өңірі" газетінде 2014 жылғы 19 мамырда, "Новости Приишимья" газетінде 2014 жылдың 9 мамырында жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
      кіріспе келесі редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексы) Кодексының 387-бабы 1, 1-1 тармақтарына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның мәслихаты ШЕШТІ:";
      шешімінің 1 тармағы келесі редакцияда жазылсын:
      "1. Автотұрақтар (паркингтер), автомобильдерге жанармай құю станцияларына берілген (бөлінген) және казино оранласқан жерлерді есептемегенде, "Салық және басқа да бюджетке міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі - Кодекс) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы 379, 381, 383 баптарымен белгіленген жер салығының базалық ставкалары елу пайызға өсірілсін.
      Кодекстің 378-бабымен белгіленген, жер салығының мөлшерлемесін Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер он есеге жоғарылатылсын".
      2. Осы шешім 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі, шешімнің 1 тармағының екінші бөлімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
ауданы мәслихатының
XХХІV сессиясының төрағасы
Қ. Бижанов
      Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
ауданы мәслихатының хатшысы
Б.Ысқақова
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы
қаржы Министрлігі
Мемлекеттік кірістер Комитеті
Солтүстік Қазақстан облысы
бойынша Мемлекеттік кірістер
Департаментінің Ғабит Мүсірепов
атындағы аудан бойынша
Мемлекеттік кірістер
басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
2015 жылғы 27 наурыз
М. Ағажанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады