Жер салығының базалық салық ставкаларын түзету туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы N 23-3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 сәуірде N 2706 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 2018 жылғы 5 ақпандағы № 19-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 05.02.2018 № 19-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексы) Кодексының 386-бабы 5-тармағына, 387-бабы 1-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның мәслихаты ШЕШТІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 24.05.2016 N 3-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. "Салық және басқа да бюджетке міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі - Кодекс) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы 378-бабымен белгіленген, жер салығының ставкасын Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер он есеге жоғарылатылсын.

      Жер салығының ставкалары осы Кодекстің 379, 381, 383 баптарымен белгіленген жер салығының базалық ставкаларынан елу пайызға өсірілсін.

      Осы тармақтың екінші бөлігінің ережелері осы Кодекстің 386-бабында көрсетілген жер учаскелеріне қолданылмайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 24.05.2016 N 3-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2004 жылғы 19 сәуірдегі № 6-4 "Жер салығының ставкаларын түзету туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 17 мамырда № 1248 тіркелген, "Голос Целинника" газетінде 2004 жылғы 5 шілдеде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
ауданы мәслихатының
ХХІІІ сессиясының төрағасы
Н. Габдулов
      Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
ауданы мәслихатының хатшысы
Б. Ысқақова
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасының
қаржы Министрлігі
Салық Комитетінің
Солтүстік Қазақстан
облысы бойынша
Салық Департаментінің
Ғабит Мүсірепов атындағы
ауданы бойынша салық
басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
2014 жылы 31 наурыз
М. Ағажанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады