1. 2015 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "2015 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2015 жылғы 18 ақпандағы № 65 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 3173 мемлекеттік тізілімінде тіркелді, 2015 жылғы 6 сәуірдегі "Есіл Өңірі" аудандық газетінде, 2015 жылғы 6 сәуірдегі "Новости Приишимья" аудандық газетінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау осы саланы жетекшілік етуші Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | В. Дудов |
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 228 қаулысымен бекітілген |