2015 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 18 ақпандағы № 65 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 наурызда N 3173 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 мамырдағы N 228 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің 29.05.2015 N 228 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2015 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
      Аудан әкімі В. Дудов

  Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 18 ақпандағы № 65 қаулысымен бекітілген

2015 жылға Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны
Мектепке дейінгі ұйымдарда қаржыландырудың жан басына шаққанда бір айдағы мөлшері (теңге)
Мектепке дейінгі ұйымдар ата-аналарының бір айдағы төлемақы мөлшері (теңге)
Балабақша
Мектеп жанындағы толық күндік шағын-орталықтар
Мектеп жанындағы жарты
күндік шағын-орталықтар
Балабақша
Мектеп жанындағы толық күндік шағын-орталықтар
Мектеп жанындағы жарты
күндік шағын-орталықтар
Балабақша
Мектеп жанындағы толық күндік шағын-орталықтар
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы
175
190
215
25381
11133
3482
6500
5500

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады