"Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 22-5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 шілдедегі № 37-4 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 26 тамызда N 3357 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 2015 жылғы 30 қазандағы N 38-7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 30.10.2015 N 38-7 шешімімен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
       "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 22-5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 27 қаңтарда № 2518 тіркелген, 2014 жылдың 10 ақпанында "Новости Приишимья" газетінде, 2014 жылдың 10 ақпанында "Есіл өңірі" газетінде жарияланды) әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларына (әрі қарай - Қағидалар) келесі өзгеріс енгізілсін:
      Қағидалардың 3 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
аудан мәслихаты
ХХХVІІ сессиясының төрағасы
Б. Досмағамбетов
      Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
аудан мәслихатының хатшысы
Б. Ысқақова
      "КЕЛІСІЛДІ"
Солтүстік Қазақстан облысының
әкімі
2015 жылғы 30 шілде
Е. Сұлтанов

  Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 2015 жылғы 29 шілдедегі № 37-4 шешіміне қосымша
  Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 3-қосымша

Азаматтардың мұқтаж санаттырына жатқызу үшін арналған негіздермелердің соңғы тізбесі

      1) жетімдік;
      2) ата-ананың қамқорлықсыз қалу;
      3) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның ішінде девианттық мінез-құлық;
      4) кәмелетке толмағандардың ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы;
      5) туғаннан үш жасқа дейінгі балаларың ерте психофизикалық дамуы мүмкіндіктерінің шектеулуі;
      6) дене және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты ағза функцияларының тұрақты бұзулуы;
      7) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектеулуі;
      8) жасының егде тартуына байланысты, ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмауы;
      9) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соқтырған қатыгездік;
      10) баспанасыздық (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар);
      11) бас бостандығын айыру орындарынан босату;
      12) қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінде есепте тұруы; 
      13) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру, не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы (қатерлі ісіктің пайда болуы, туберкулездің ауыр түрі, мүгедек балалар);
      14) Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатымен белгіленген 1,0 ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысының болуы;
      15) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің тіс протездеуге мұқтаждығы, (табысты есепке алмағанда ұсынылған шот-фактурасына сәйкес құны мөлшерінде бағалы металлдар мен металлокерамикадан, металлоакриллден жасалған протездерден басқа 2 жылда бір реттен артық емес);
      16) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің санаторлық–курорттық емделуге мұқтаждығы, (табысты есепке алмағанда Қазақстан Республикасының санаторийлерінде және профилакторийлерінде санаторлық–курорттық емделу құны мөлшерінде, жылына бір рет);
      17) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу үшін 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айсайынғы өтемақыға мұқтаждығы;
      18) туберкулездің белсенді формасымен ауыратын адамдардың тоқсан сайынғы көмекке мұқтаждағы (табысты есепке алмағанда денсаулық сақтау мекемелерінен анықтама ұсыну бойынша 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады