Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы N 22-5 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 27 қантарда N 2518 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 2015 жылғы 30 қазандағы N 38-7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 30.10.2015 N 38-7 шешімімен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қосымшаланған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары бекітілсін.
      2. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның мәслихатының 2011 жылғы 28 наурыздағы № 24-2 "Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жеке санаттағы азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешімі күші жойылды деп саналсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 19 сәуірде № 13-5-127 тіркелді, аудандық "Есіл өңірі" газетінде 2011 жылғы 2 мамырда, "Новости Приишимья" газетінде 2011 жылғы 1 мамырда жарияланды).
      3. Осы шешім ресми алғашқы жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
ауданы мәслихатының
ХХІІ сессиясының төрайымы
И. Гроот
      Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
ауданы мәслихатының
хатшысы
Б.Ысқақова
      "КЕЛІСІЛДІ"
Солтүстік Қазақстан облысы
әкімінің міндетін атқарушы
24 желтоқсан 2013 жыл
А. Сапаров

  Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 22-5 шешімімен бекітілді

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

      1. Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың осы қағидалары (одан әрі - Қағида), әлеуметтік көмек көрсетудің тіртібін, мөлшерлерін белгілейді және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындайды.

1. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
      1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
      2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша аудан әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
      3) ең төмен күнкөріс деңгейі – облыстағы статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
      4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
      6) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
      7) уәкілетті орган – "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      8) уәкілетті ұйым – "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін селолық округ әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
      10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері
      3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – Аушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай нысанда Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімдігімен ұсынылатын көмек түсініледі.
      4. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20 бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16 бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
      5. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбелерін, сондай-ақ жеке санатқа алған Алушыларға әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі мен мөлшері осы Қағиданың 1 қосымшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облыс әкімдігімен келісілген біркелкі мөлшерде белгілейді.
      6. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Солтүстік Қазақстан облыс әкімдігі бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      7. Алушылар санатының тізбесі, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімі осы Қағидалардың 2 қосымшасына сәйкес белгіленеді.
      Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелердің соңғы тізбесі осы Қағидалардың 3 қосымшасына сәйкес белгіленеді.
      Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 25.12.2014 N N 32-4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      8. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      9. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек уәкілетті орган немесе басқа да мекемелер ұсынған тізім бойынша Алушылардан өтініштер талап етілмей Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
      10. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе округтың, поселок, село әкіміне өтінішке мынадай құжаттарды қосады:
      1) жеке басын куәландыратын құжатты;
      2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
      3) осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;
      4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
      5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.
      11. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
      12. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
      13. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы Қағиданың 5, 6-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне жібереді.
      Ауылдық округ, поселок, село әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
      14. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
      15. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
      16. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
      17. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
      18. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      Осы Қағидалардың 16 және 17-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      19. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
      20. Белгіленген негіздемелердің біреуі бойынша әлеуметтік көмек күнтізбелік бір жыл ішінде қайта көрсетілмейді.
      21. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
      22. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
      Әлеуметтік көмегін төлеуді уәкілетті орган екінші деңгейдегі банктер арқылы алушыларға есептелген сомаларды дербес шоттарына аудару арқылы жүзеге асырады.

4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер

      23. Әлеуметтік көмек мынадай жағдайларда тоқтатылады:
      1) Алушы қайтыс болған;
      2) Алушы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
      3) Алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
      4) Алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
      24. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      25. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

  Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 1-қосымша

Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі, атаулы күндер мен мереке күндері алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмектің еселігі мен мөлшері

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 25.12.2014 N 32-4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

р/с№
Алушылар санаттары
Әлеуметтіккөмекмөлшері (айлық есептік көрсеткіш)
15 ақпан – Ауған аумағынан әскерді шығару күні
1
 
Бұрынғы КСР Одағы үкiмет органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Совет Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жұрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер; ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерi; Ауғанстандағы кеңес әскериқ ұрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер.
15
 
2
 
 
Бұрынғы КСР Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа уақытта орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде әскери мiндетiн өтеу кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер.
15
 
3
 
Басқа елдерде қимыл жасаған әскер құрамдарына қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргiзу кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан мүгедек болған тиiстi санаттағы жұмысшылар мен қызметшiлер.
15
 
4
 
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруңа шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасы.
15
 
5
 
1979 жылдың 1 желтоқсаны мен 1989 жылдың желтоқсаны аралығында Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүрiп жатқан басқада мемлекеттерге жұмыс қажiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлер.
15
 
6
 
Бұрынғы КСР Одағы Мемлекет қауiпсiздiгi комитетiнiң Ауғанстанда уақытша, болған және совет әскерлерiнiң шектелген құрамына енбеген жұмысшылары мен қызметшiлерi.
15
 
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні
1
 
"Алтын алқамен", "Күміс алқамен", I және II дәрежелі "Ана Даңқыны" ордендерімен марапатталған немесе бұрын "Ардақты ана" атағын алған көп балалы аналар.
5
 
26 сәуір – Чернобыль атом электро стансасындағы апатты еске алу күні
1
 
1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдар.
15
 
2
 
Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуы себебiнен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балалары.
15
 
3
 
Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасы.
15
 
4
 
Чернобыль АЭС-iндегi апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынаулардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың, немесе өлiмi белгiленген тәртiппен солардың ықпалына байланысты болған мүгедектердiң, азаматтардың, сондай-ақ азаматтардың отбасы.
15
 
5
 
1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-iндегi апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркімен көшкен) адамдар қоныс аудартқан күні анасының құрсағынандағы балаларды қоса алғанда.
15
 
9 мамыр – Жеңіс күні
1
 
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері.
50
(2015 жылғы
9 мамырды қоспағанда)
 
2
 
Қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептелдi қалаларда Ұлы Отан соғысы кезiнде қызмет атқарған әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары.
5
 
3
 
Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының ерiктi жалдама құрамаларының адамдары, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептеледi қалаларда болған адамдар.
5
 
4
 
Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк баласы (тәрбиеленушiсi) және теңiзшi бала ретiнде болғандар.
5
 
5
 
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шетелдердiң аумағында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да антифашистiк құрамалар құрамында қатысқан адамдар.
5
 
6
 
Қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтеру құрамының, бұрынғы КСР Одағы Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, Теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз және жолы Бас басқармасының ұшу-көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезiнде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шептерi, флоттардың оперативтiк аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерiне орай мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында тұтқындалған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерi.
5
 
7
 
Қоршаудағы кезеңде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен әрi "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтар.
5
 
8
 
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары.
5
 
9
 
Әскери мiндетiн орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, яки майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде әскери мiндетiн орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдар.
5
 
10
 
1944 жылдың 1 қаңтарынан 1951 жылдың 31 желтоқсанына дейiнгi кезеңде Украин ССР-i, Беларусь ССР-i, Литва ССР-i, Латыш ССР-i, Эстон ССР-i аумақтарында қимыл жасаған халықты қорғаушы истребительдiк батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлерi мен командалық құрамы қатарында болған, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызмет мiндетiн атқаруға кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе зақымдануы салдарынан мүгедек болған адамдар.
5
 
11
 
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергiлiктi әуе қорғанысының объектiлердi өзiн-өзi қорғау топтары мен авариялық командаларының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасы, Ленинград қаласының госпитальдерi мен ауруханаларында қаза тапқан қызметкерлердiң отбасы.
5
 
12
 
Қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерi (күйеулерi), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргiзген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезiнде зақым алуының нәтижесiнде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетiндерiнен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екiншi рет некеге тұрмаған әйелдерi (күйеулерi).
5
 
13
 
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мәнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдар.
5
(2015 жылғы
9 мамырды қоспағанда)
 
2015 жылғы 9 мамыр – Жеңіс күні
1
 
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері.
100
 
2
 
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар.
25
 
7 мамыр – Отанды қорғау күні
1
 
Бұрынғы КСР Одағының Қорғаныс министрлiгiне, iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарына әскери мiндетiн өтеу жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi тапсырмаларды орындау барысында қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасы.
5
 
2
 
Бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасы.
5
 
31 мамыр – Саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу күні
1
 
Бұрынғы КСР Одағы аумағында саяси қуғын-сүргiннен тiкелей зардап шеккен және қазiргi кезде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын адамдар.
15
 
2
 
Ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен бірге бас бостандығынан айыру орындарында, айдауда, жер аударуда немесе арнайы қоныс аударуда болған саяси қуғын-сүргіндер құрбандарының балалары, сондай-ақ қуғын-сүргін кезінде он сегіз жасқа толмаған және оның қолданылуы нәтижесінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған саяси қуғын-сүргіндер құрбандарының балалары танылады.
3
 
30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні
1
 
Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдар, облыстық маңызы бар дербес зейнеткер мәртебесі бар зейнеткерлер, облыстың, қаланың (ауданның) құрметті азаматтары.
10
 

  Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 2-қосымша

Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан қиын өмір жағдайы туындағанда әлеуметтік көмек көрсетудің шекті мөлшері, әлеуметтік көмекке жүгінудің мерзімі және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 29.07.2014 N 28-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енгізіледі).

№ п/п
 
Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан қиын өмір жағдайы туындауғанда әлеуметтік көмек алушылардың санаттары
Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан қиын өмір жағдайы туындауғанда әлеуметтік көмек алушылардың санаттары шекті мөлшері
Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан қиын өмір жағдайы туындауғанда әлеуметтік көмекке өтіну мерзімі
 
1
2
3
4
1
 
Жетімдер
10 минималды есептік көрсеткіші
 
Қиын өмір жағдайы туған күннен 6 ай ішінде
 
2
 
Ата-ана қамқоршылығынан айырылғандар
3
 
Қараусыз кәмелет жасына толмағандар, оның ішінде девианттық мінез-құлығы барлар
4
 
Туғаннан үш жасқа дейін ерте психофизикалық дамуының мүмкіндігі шектеулі балалар
5
 
Тұлғалар организмі қызметінің қатты бұзылуы, ақыл-ой мүмкіндіктерінен және (немесе) физикалық себептер болуы
6
 
Әлеуметтік мәні бар ауру және қоршаған орта үшін қауіпті аурулар салдарынан тіршілік әрекеті шектеулі адамдар
7
 
Жасы ұлғайған шақта, ауырған ауру салдарына және (немесе) мүгектікке байланысты өзіне қызмет көрсете алмайтын тіршілік әрекеті шектелген адамдар
8
 
Әлеуметтік дезадаптация және әлеуметтік депривацияға әкелген қатал ұстаудан азап шеккен адамдар
9
 
Баспанасыздар (тұрақты тұратын баспанасы жоқ адам)
10
 
Бас бостандығын айыратын жерден босатылған адамдар
11
 
Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация есебі қызметінде тұрған адамдар
12
 
Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккендер
60 минималды есептік көрсеткіші
 
Қиын өмір жағдайы туған күннен 6 ай ішінде
 
13
 
1,0 ең төмен күнкөріс деңгей шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысымен Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағының тұрғындары

  Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 3-қосымша

Азаматтардың мұқтаж санаттырына жатқызу үшін арналған негіздермелердің соңғы тізбесі

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 29.07.2015 N 37-4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1) жетімдік;
      2) ата-ананың қамқорлықсыз қалу;
      3) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның ішінде девианттық мінез-құлық;
      4) кәмелетке толмағандардың ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы;
      5) туғаннан үш жасқа дейінгі балаларың ерте психофизикалық дамуы мүмкіндіктерінің шектеулуі;
      6) дене және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты ағза функцияларының тұрақты бұзулуы;
      7) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектеулуі;
      8) жасының егде тартуына байланысты, ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмауы;
      9) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соқтырған қатыгездік;
      10) баспанасыздық (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар);
      11) бас бостандығын айыру орындарынан босату;
      12) қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінде есепте тұруы; 
      13) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру, не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы (қатерлі ісіктің пайда болуы, туберкулездің ауыр түрі, мүгедек балалар);
      14) Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатымен белгіленген 1,0 ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысының болуы;
      15) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің тіс протездеуге мұқтаждығы, (табысты есепке алмағанда ұсынылған шот-фактурасына сәйкес құны мөлшерінде бағалы металлдар мен металлокерамикадан, металлоакриллден жасалған протездерден басқа 2 жылда бір реттен артық емес);
      16) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің санаторлық–курорттық емделуге мұқтаждығы, (табысты есепке алмағанда Қазақстан Республикасының санаторийлерінде және профилакторийлерінде санаторлық–курорттық емделу құны мөлшерінде, жылына бір рет);
      17) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу үшін 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айсайынғы өтемақыға мұқтаждығы;
      18) туберкулездің белсенді формасымен ауыратын адамдардың тоқсан сайынғы көмекке мұқтаждағы (табысты есепке алмағанда денсаулық сақтау мекемелерінен анықтама ұсыну бойынша 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде).

  Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 4-қосымша

       Отбасыны тіркеу нөмірі ____________

            Өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер

       _________________________ ________________________
       (Өтініш берушінің Т.А.Ә.) (үйінің мекенжайы, тел.)

Р/с

Отбасы мүшелерінің Т.А.Ә.
Өтініш берушіге туыстық қатынасы
Туған жылы
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      Өтініш берушінің қолы __________________ Күні ______________
       Отбасының құрамы туралы
       мәліметтерді куәландыруға уәкілетті
       органның лауазымды адамының Т.А.Ә. _____________________
       (қолы)

  Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 5-қосымша

            Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру
АКТІСІ

       20__ ж. "___" _______
       _____________________
       (елді мекен)
       1. Өтініш берушінің Т.А.Ә. ____________________________________
       2. Тұратын мекенжайы __________________________________________
       __________________________________________________________________
       3. Өтініш беруші әлеуметтік көмекке өтініш берген туындаған
       өмірлік қиын жағдай
       __________________________________________________________________
       __________________________________________________________________
       4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) ______
       адам, оның ішінде:

Р/с

 
Т.А.Ә.
 
Туған
күні
 
Өтініш
берушіге
туыстық
қатынасы
 
Жұмыспен
қамтылуы
(жұмыс,
оқу орны)
 
Жұмыспен
қамтылмау
себебі
 
Қоғамдық
жұмыстарға
қатысуы,
кәсіптік
даярлығы
(қайта
даярлау,
біліктілігін
арттыру)
немесе
жұмыспен
қамтудың
белсенді
шараларына
қатысуы туралы мәліметтер
Өмірлік
қиын
жағдай
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      Еңбекке жарамды барлығы _________________________________ адам.
       Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері ____
       адам.
       Балалардың саны: ______________________________________________
       жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар ______
       адам, оқу құны жылына ______ теңге.
       Отбасында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің, Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілгендердің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары (қатерлі ісіктер, туберкулез, адамның иммунитет тапшылығы вирусы) бар адамдардың, мүгедектердің, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу керек)
       __________________________________________________________________
       __________________________________________________________________
       5. Өмір сүру жағдайы (жатақхана, жалға алынған,
       жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй
       кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзгеше – көрсету керек):
       __________________________________________________________________
       Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар:
       __________________________________________________________________
       __________________________________________________________________
       __________________________________________________________________
      Отбасының табысы:

Р/с

 
Табысы бар
отбасы
мүшелерінің
(оның
ішінде
өтініш
берушінің)
Т.А.Ә.
 
Табыс
түрі
 
Өткен тоқсандағы
табыс сомасы (теңге)
 
Жеке қосалқы шаруашылық
(ауладағы учаске, малы
және құсы), саяжай және
жер учаскесі (жер үлесі)
туралы мәліметтер
тоқсанға
 
орта
есеппен
айына
 
 
 
 
 
 
 

      6.Мыналардың:
      автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін
      құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)
       __________________________________________________________________
       _______________________________________ қазіргі уақытта өздері тұрып
       жатқаннан бөлек өзге де тұрғын үйдің болуы (оны пайдаланғаннан түскен
       мәлімделген табыс) __________________________________________________
       __________________________________________________________________
       __________________________________________________________________
       7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі):
       __________________________________________________________________
       __________________________________________________________________
       __________________________________________________________________
       __________________________________________________________________
       8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі):
       __________________________________________________________________
       __________________________________________________________________
       9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқ киіммен
       қамтамасыз етілуі ___________________________________________________
       10. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы _____
       __________________________________________________________________
       Комиссия төрағасы:
       ________________________ ________________________
       Комиссия мүшелері:
       ________________________ ________________________
       ________________________ ________________________
       _______________________ ________________________
       (қолдары) (Т.А.Ә.)
       Жасалған актімен таныстым: ____________________________________
       Өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы
       Тексеру жүргізілуден бас тартамын ______________________ өтініш
       берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) Т.А.Ә. және қолы, күні
       __________________________________________________________________
       (өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)

  Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 6-қосымша

            Учаскелік комиссияның № ______ қорытындысы

       20__ ж. ___ ______
       Учаскелік комиссия Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына сәйкес өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамның (отбасының)
       __________________________________________________________________
       (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)
       өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар және өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелерінің негізінде
       __________________________________________________________________
       (қажеттілігі, қажеттіліктің жоқтығы)
       адамға (отбасыға) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты
       әлеуметтік көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады
       Комиссия төрағасы: __________________ ________________
       Комиссия мүшелері: __________________ ________________
       __________________ ________________
       __________________ ________________
       _________________ ________________
       (қолдары) (Т.А.Ә.)
       Қорытынды
       қоса берілген құжаттармен ___ данада
       20__ ж. "___" ___________ қабылданды
       Құжаттарды қабылдаған кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің немесе
       уәкілетті орган қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы, қолы __________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады