2015 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласы мамандарына тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін көтерме жәрдемақы және әлеуметтік қолдау ұсыну туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 31 наурыздағы № 36/7 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 23 сәуірде N 3225 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2016 жылғы 9 наурыздағы N 46/15 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 09.03.2016 N 46/15 шешімімен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақтан облысы Жамбыл аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Жамбыл аудандық әкімі мәлімдеген қажеттілікті есепке ала отырып, 2015 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына берілсін:
      1) өтініш берген сәтте жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – өтініш берген сәтте бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.
      2. Осы шешімнің 1 тармағы ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринария пункттерінің ветеринария мамандарына қолданылады.
      3. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі уәкілетті орган ретінде, осы шешімнің жүзеге асырылуына шаралар қолдансын.
      4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 1 қаңтарынан бастап туындаған қарым-қатынастарға таратылады.
      Жамбыл аудандық мәслихатының
кезекті ХХХVІ сессиясының
төрағасы
Б.Мұсабаев
      Жамбыл аудандық
мәслихатының хатшысы
Б.Мұсабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады