Жамбыл аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылғаны туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 9 наурыздағы № 46/15 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасындағы 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 40-бабы 2-тармағы 1) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Күші жойылды деп танылсын:
      аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 22 желтоқсандағы "2015-2017 жылдарға арналған Жамбыл ауданының аудандық бюджеті туралы" №34/1 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 06 қаңтар № 3044 тіркелген, 2015 жылғы 06 ақпан "Ауыл арайы" газетінде, 2015 жылғы 06 ақпан "Сельская новь" аудандық газетінде жарияланған);
      аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 30 маусымдағы "2015-2017 жылдарға арналған Жамбыл ауданының аудандық бюджеті туралы" аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 22 желтоқсандағы №34/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 38/1 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 23 шілде № 3320 тіркелген, 2015 жылғы 14 тамыз "Ауыл арайы" газетінде, 2015 жылғы 14 тамыз "Сельская новь" аудандық газетінде жарияланған);
      аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 24 тамыздағы "2015-2017 жылдарға арналған Жамбыл ауданының аудандық бюджеті туралы" аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 22 желтоқсандағы №34/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 40/1 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 10 қыркүйек № 3377 тіркелген, 2015 жылғы 25 қыркүйек "Ауыл арайы" газетінде, 2015 жылғы 25 қыркүйек "Сельская новь" аудандық газетінде жарияланған);
      аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 30 қазандағы "2015-2017 жылдарға арналған Жамбыл ауданының аудандық бюджеті туралы" аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 22 желтоқсандағы №34/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 41/1 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 16 қараша № 3459 тіркелген, 2015 жылғы 11 желтоқсан "Ауыл арайы" газетінде, 2015 жылғы 11 желтоқсан "Сельская новь" аудандық газетінде жарияланған);
      аудандық мәслихатының 2015 жылғы 31 наурыздағы "2015 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласы мамандарына тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін көтерме жәрдемақы және әлеуметтік қолдау ұсыну туралы" № 36/7 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 23 сәуір № 3225 тіркелген, 2015 жылғы 15 мамыр "Ауыл арайы" газетінде, 2015 жылғы 15 мамыр "Сельская новь" аудандық газетінде жарияланған).
       2. Шешім көшірмесін Әділет департаментіне Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестріне кіргізу үшін және ертеректе жарияланған ресми баспа басылымдарына жолдаймыз.
       3. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Жамбыл аудандық
мәслихаттың кезекті
ХХХХVІ сессиясының
төрайымы
Г.Оспанова
       Жамбыл аудандық
мәслихаттың хатшысы
Б.Мұсабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады