"Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 қазандағы № 41/2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 26 қарашада N 3475 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 7/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 26.12.2016 № 7/3 шешімімен (бұқаралық ақпарат құралдарында алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына және "Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 03 желтоқсандағы № 704 Жарлығының 65-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қоса берілген Ережесі бекітілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Жамбыл аудандық
мәслихаттың кезектен тыс
ХХХХІ сессиясының төрағасы
Е.Байғаскин
      Жамбыл аудандық
мәслихаттың хатшысы
Б.Мұсабаев

  Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2015 жылғы 30 қазанда № 41/2 шешімімен бекітілді

"Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының, оның органдарын және аудандық мәслихат депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік ұйым болып табылады.
      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының Заңдарына, Президент және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сонымен қатар осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңды тұлға болып табылады, өзінің атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгіде бланктері, сонымен қатар сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда белгіленген заңнамалық тәртіпте ашылған шоты болады.
      5. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтыққатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңды мекен-жайы: 150600, Қазақстан Республикасы, Сотлүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Пресновка селосы, Дружба көшесі, 19.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы: мемлекеттік тілде - "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      Мемлекеттік органның толық атауы: орыс тілінде - государственное учреждение "Аппарат маслихата Жамбылского района Северо-Казахстанской области".
      11. Осы Ереже "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
      13. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      14. Жұмыс тәртібі: "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне бескүндік жұмыс аптасы орнатылады, жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспайды, күніне – 8 сағат (9.00 сағаттан 18.00 сағатқа дейін, үзіліс 13.00 сағаттан 14.00 сағатқа дейін).

2. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      15. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының, оның органдары мен депутаттарының қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету.
      16. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекеме қызметінің нысаны: мәслихат аппараты мәслихаттың және оның органдарының ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз ету, депутаттарға өздерінің өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсету.
      17. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметінің мақсаты: Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңында (бұдан әрі – Заң) белгіленген құзыреті шегінде Жамбыл ауданы аумағында мемлекеттік саясатты дамыту бойынша қызметін іске асыру.
      18. Негізгі міндеттер
      1) аудандық мәслихаттың ұйымдастырушылық, құжаттық, құқықтық, ақпараттық-талдау қызметін қамтамасыз етуді;
      2) аудандық мәслихатымен қабылданған шешімдерді қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіруді қамтамасыз ету;
      3) аудандық мәслихат депутаттарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
      4) мәслихат қызметі туралы аудан тұрғындарын ақпараттандыруды қамтамасыз ету;
      5) мәслихаттың және оның органдарының бақылау міндеттерін іске асыруды қамтамасыз ету;
      6) мәслихаттың ақпараттық жүйесін қамтамасыз ету;
      7) мәслихат аппараты қызметшілерінің біліктілітерін арттыру мен қайта даярлауды қамтамасыз ету.
      19. Міндеттер:
      1) аудандық мәслихат депуттарына ұйымдастырушылық, құжаттық, құқықтық, ақпараттық-талдау қызметтерін көрсету;
      2) аудандық мәслихат қарауына енгізілетін нормативтік құқықтық аткілердің және басқа шешім жобаларының орындалуын бақылау, аудандық мәслихатпен қабылданған нормативтік құқықтық актілердің мониторингін іске асыру;
      3) мәслихат қызметін қамтамасыз етуге шығындарын анықтау, іссапарлық шығыстарының орнын толтыру, депутаттарға депутаттық қызметтерін іске асыру үшін қажетті кеңсе керек-жарақтармен және басқа тауарлармен қамтамасыз ету;
      4) мәслихат қызметі туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды ұйымдастыру, аудандық мәслихат қабылдайтын нормативтік құқықытық актілердің жариялауы;
      5) депутаттар алдында өз қызметі жөнінде есеп беретін атқару органдар басшыларының есептерін, ақпараттарын жинау, талдау, мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелері туралы анықтама даярлау.
      20. Құқықтары мен міндеттері:
      1) Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының Регламентін өз құзыреті шегінде сақтауды қамтамасыз ету:
      2) мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан, басқа ұйымдар және азаматтардан ақпарат, анақтама, есептер, шешім жобаларын, нормативтік құқықтық атілер жобаларын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жөнінде ақпарат, аудандық мәслихатына енегізілетін шешім жобалары бойынша қажетті келісімдер және сессияның күн тіртібі мен тұрақты (уақытша) комиссиялар отырысының мәселелері бойынша белгіленген тәртібі бойынша басқа құжаттарды сұрау;
      3) мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдардың қызметшілерін аудандық мәслихат құзырына жататын мәселелерді пысықтау үшін қатысуға тарту, тиісті шешімдерді өндіру үшін уақытша жұмыс тобын ұйымдастыру;
      4) депутаттық сауалдар мен депутаттық ұсыныстарын уақытылы қарау және іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар мен ұйымдарына сауалдар жіберу;
      5) аудандық мәслихатқа жолданған азаматтар жүгінулерінің орындалу нәтижелері мен мерзімдерін бақылауды іске асыру;
      6) аудандық мәслихат құзырына енетін мәселелері бойынша лауазымды тұлғаларға және мемлекеттік мекемелерге консультациялық-әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастыру-техникалық және басқа көмек көрсету.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      21. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінде басшылықты Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының хатшысы іске асырады, жүктелген міндеттердің орындалуына және "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы.
      22. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының хатшысы мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшiлiк даусымен мәслихат сайлайды және қызметтен босатады.
      23. Мәслихат хатшысының орынбасарлары жоқ.
      24. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихат хатшысының өкілеттіктері:
      1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi әзiрлеудi ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етедi және сессия төрағасымен бiрге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген шешiмдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
      2) мәслихат депутаттарының өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына жәрдемдеседi, оларды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етедi, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтерiндегі жұмысқа қатысуы үшiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатуға байланысты мәселелердi қарайды;
      3) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтiнiштерінiң қаралуын бақылайды;
      4) мәслихат аппаратының қызметiне басшылық жасайды, оның қызметшiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      5) сайлаушылар өтiнiштерi туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат берiп отырады;
       6) мәслихаттың өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимылын ұйымдастырады;
      7) Заңға сәйкес әкiмге сенiмсiздiк бiлдiру туралы мәселеге бастамашылық еткен мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының төлнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;
      8) өз құзырындағы мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;
      9) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестiреді;
      10) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкiл болады;
      11) мәслихат шешiмдерiнiң жариялануын қамтамасыз етедi, олардың орындалуына бақылау жасау жөнiндегi iс-шараларды белгiлейдi;
      12) аппарат қызметшілеріне заңнамада бекітілген тәртіппен және өз құзыреті шегінде көтермелейді және тәртіптік салаларды қолданады;
      13) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес және Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының шешімі бойынша басқа міндеттерді орындайды;
      Мәслихаттың хатшысы болмаған кезде оның өкiлеттiгiн мәслихат сессиясы төрағасының шешiмi бойынша мәслихат тұрақты комиссияларының бiрiнiң төрағасы немесе мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады.
      25. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының аппаратында басшылықты Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының хатшысы іске асырады, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға сайланып босатылады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      26. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамамен қарастырылған кезінде шұғыл басқаруында жекеленген мүлікке құқығы бар.
      27. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлкі коммуналдық меншікке жатады.
      28. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      29. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады