"Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы маслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2015 жылғы 30 қазандағы № 41/2 шешімінің күші жойылды деп танылғаны туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 7/3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 6 қаңтарда № 3999 болып тіркелд

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2015 жылғы 30 қазандағы "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының Ережесін бекіту туралы" № 41/2 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 15 қараша № 3475 тіркелген және 2015 жылғы 12 желтоқсан "Ауыл арайы" № 51 газетінде және 2015 жылғы 12 желтоқсан "Сельская новь" № 51 газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Жамбыл аудандық
мәслихаттың кезекті
VІІ сессиясының төрағасы
Р.Садыков
      Жамбыл аудандық
мәслихатының хатшысы
Б.Мұсабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады