Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 39 "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының білім беру мекемелеріндегі 2015 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен білім оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3167 тіркелді, 2015 жылғы 27 наурызда аудандық "Мағжан жұлдызы" газетінде, 2015 жылғы 27 наурызда аудандық "Вести" газетінде жарияланды) қаулысына (бұдан әрі - қаулы) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары Г.Ш. Рамазановаға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 1 қаңтардан басталған қатынастарға таралады.
Аудан әкімі | Қ. Пішенбаев |