Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 18.04.2018 № 18-3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің (Салық кодексі) 387-бабының 1-1-тармағына, 444-бабының 1-тармағына және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Жер салығының ставкалары туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 20-7 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 14 қаңтарда № 13-9-111 тіркелген, аудандық "Мағжан Жұлдызы" газетінің 2010 жылғы 22 қаңтардағы № 4, аудандық "Вести" газетінің 2010 жылғы 22 қаңтардағы № 4 сандарында жарияланған (бұдан әрі – шешім) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешім мынадай мазмұнды абзацпен толықтырылсын:
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің (Салық кодексі) 378, 444-баптарында белгіленген жер салығының және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелері сәйкесінше он есе жоғарылатылсын:
1) Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемесі;
2) Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Мағжан Жұмабаев ауданы | |
мәслихаты сессиясының | |
төрағасы | Б. Қазанов |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Мағжан Жұмабаев ауданы | |
мәслихатының хатшысы | Т. Әбілмәжінов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Солтүстік Қазақстан облысы
бойынша Мемлекеттік кірістер
департаментінің
Мағжан Жұмабаев ауданы
бойынша мемлекеттік кірістер
басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесі Басшысы
А. Кемелев
2015 жылғы 26 мамыр