2015 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы бойынша субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарын әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдерін анықтау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 14 шілдедегі № 205 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 17 шілдеде N 3312 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 "Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген, басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын субсидиялау, басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыру қағидаларының 10-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2015 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы бойынша субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарын әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудан әкімінің орынбасары Р.Н.Смағұловқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 05 мамырдағы пайда болған қатынастарға таралады.
      Солтүстік Қазақстан облысы
Мағжан Жұмабаев ауданының
әкімі
А. Бегманов

  Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 14 шілдедегі № 205 қаулысына қосымша

2015 жылға арналған СолтүстікҚазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданын бойынша субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарын әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері

№ р/н
Дақылдар атауы
Егудің оңтайлы мерзімдері
1.
Жаздық бидай (орта кеш,орта пісетін, қатты және орта ерте сорттары)
14 мамырдан 08 маусымға дейін
2.
Арпа, сұлы
25 мамырдан 12 маусымға дейін
3.
Қарақұмық
20 мамырдан 03 маусымға дейін
4.
Тары
25 мамырдан 03 маусымға дейін
5.
Аңқа
12 мамырдан 18 мамырға дейін
6.
Асбұршақ
20 мамырдан 03 маусымға дейін
7.
Қытай бұршақ
22 мамырдан 30 мамырға дейін
8.
Жасымық
22 мамырдан 03 маусымға дейін
9.
Рапс (ізашарлары – сүрі жер, біржылдық шөптер, дәнді)
12 мамырдан 01 маусымға дейін
10.
Зығыр, қыша
15 мамырдан 03 маусымға дейін
11.
Күнбағыс май тұқымына
15 мамырдан 30 мамырға дейін
12.
Арыш
20 мамырдан 01 маусымға дейін
13.
Картоп
15 мамырдан 05 маусымға дейін
14.
Астық технология бойынша сүрлеген шөпке жүгері
27 мамырдан 05 маусымға дейін
15.
Сәбіз (тұқым)
10 мамырдан 20 мамырға дейін
16.
Пияз (тұқым)
10 мамырдан 20 мамырға дейін
17.
Қызылша
25 мамырдан 05 маусымға дейін
18.
Қияр
16 мамырдан 05 маусымға дейін
19.
Орамжапырақ көшеті
25 мамырдан 15 маусымға дейін
20.
Қызанақтар көшеті
28 мамырдан 12 маусымға дейін
21.
Сүрлем шөпке күнбағысты егу
27 мамырдан 05 маусымға дейін
22.
Жасыл азыққа біржылдық шөптерді егу (сұлы + асбұршақ + сұлы + арпа), пішенге (судан шөп + тары + итқонақ, сұлы + сиыржоңышқа, асбұршақ + сұлы) және пішендемеге (сұлы + арпа + асұршақ + бидай, сұлы + асбұршақ, тары + асбұршақ)
05 маусымнан 15 маусымға дейін
Жасыл конвейер
(бір жылдық шөптер)
23.
I мерзім (асбұршақ + сұлы)
08 мамырдан 10 мамырға дейін
24.
II мерзім (сұлы + арпа + асбұршақ, судан шөбі + асбұршақ, тары + асбұршақ)
23 мамырдан 25 мамырға дейін
25.
III мерзім (асбұршақ + сұлы + арпа, судан шөбі + асбұршақ, сұлы + асбұршақ)
08 маусымнан 10 маусымға дейін
26.
IV мерзім (рапс, сұлы)
08 шілдеден 10 шілдеге дейін
Көпжылдық шөптер
27.
I мерзім
Жоңышқа
Донник
Эспарцет
Ешкішөп
мықын
05 мамырдан 15 мамырға дейін
28.
II мерзім
жоңышқа
донник
эспарцет
ешкішөп
мықын
еркекшөп
05 шілдеден 20 шілдеге дейін

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады