Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының аумағында 2016 жылғы қаңтар - наурыз аралығында Қазақстан Республикасының ер азаматтарын тіркеуді және медициналық куәландыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
ЖаңаСолтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық әкімінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 26 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 4 желтоқсанда N 3493 болып тіркелді
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев атындағы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) шақырту учаскесіне 2016 жылғы қаңтар - наурыз аралығында тіркеу жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының ер азаматтарын тіркеуді, медициналық куәландыруды ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары Г.Ш. Рамазановаға жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтарда пайда болған қатынастарға таралады.
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз