"Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына, "Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Жарлығымен бекітілген Мәслихаттың үлгі регламентінің 65-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса берілген "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Мағжан Жұмабаев ауданы | |
мәслихаты сессиясының төрағасы | Г. Сағындықова |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Мағжан Жұмабаев ауданы | |
мәслихатының хатшысы | Т. Әбілмәжінов |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Мағжан Жұмабаев ауданы | |
мәслихатының 2015 жылғы | |
23 желтоқсандағы | |
№ 45-4 шешімімен бекітілген |
"Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы
мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің
Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының, оның органдарының қызметін және депутаттарының жұмысын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихат хатшысының өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделген шешімдер қабылдайды.
8. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 150800, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданы, Булаев қаласы, Юбилейный көшесі, № 56 үй.
10. Мемлекеттік органның толық атауы – мемлекеттік тілде: "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: государственное учреждение "Аппарат маслихата района Мағжан Жұмабаев Северо-Казахстанской области".
11. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігі болып табылады.
12. Осы Ереже "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
13. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
14. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
15. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының қызметін қамтамасыз ету.16. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметінің нысанасы: мәслихат аппараты мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де камтамасыз етуді жүзеге асырады, депутаттарға өздерінің өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсетеді
17. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметінің мақсаты: "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңында белгіленген құзыреті шегінде Мағжан Жұмабаев ауданы аумағында оны дамыту бойынша мемлекеттік саясатты жүргізу
18. Негізгі міндеттері:
1) аудандық мәслихат қызметін ұйымдастырушылық, құжаттамалық, құқықтық, ақпараттық-талдау жағынан қамтамасыз ету;
2) аудандық мәслихатпен қабылданған шешімдердің қолданыстағы заңнамаға сәйкес болуын қамтамасыз ету;
3) аудандық мәслихат депутаттары қызметін материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;
4) тұрғындарды аудандық мәслихаттың қызметі туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;
5) мәслихат және оның органдарының бақылау функциялары жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
6) мәслихаттың ақпараттық жүйелерін жетілдіру;
7) мәслихат аппараты қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлаудан өтуін қамтамасыз ету.
19. Функциялары:
1) Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының, оның органдары мен депутаттарының қызметiн ұйымдастырушылық, құжаттық, құқықтық, ақпараттық-сараптамалық және материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз ету;
2) Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының қарауына енгізілген нормативтік құқықтық актілердің және өзге де шешімдер жобаларының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келуін қадағалау, аудандық мәслихат қабылдаған нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізу;
3) Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының қызметін қамтамасыз ету шығындарын айқындау, іссапар шығындарын өтеу, депутаттарды қажетті кеңсе құралдарымен және депутаттық қызметті атқару үшін өзге де тауарлармен қамтамасыз ету;
4) Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының қызметі туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды, аудандық мәслихатпен қабылданған нормативтік құқықтық актілерді жариялауды ұйымдастыру;
5) атқарушы органдар басшыларының ақпараттарын, есептерін жинақтау, талдау, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихат депутаттарының алдында өз қызметі туралы есеп беретін мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелері туралы анықтамаларды дайындау;
6) Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының интернет-ресурсында аудандық мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметі туралы ақпаратты орналастыру;
7) "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыруын және қайта даярлануын қамтамасыз ету;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
20. Құқықтары мен міндеттері:
1) Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихаты регламентінің орындалуын қамтамасыз ету;
2) белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік органдар мен лауазым иелерінен, өзге де ұйымдар мен азаматтардан ақпарат, анықтамалар, есептер, шешімдер жобаларын, нормативтік құқықтық актілері жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында басылуы туралы мәліметтер, сараптамалық кеңестердің қорытындыларын, сессиялар мен тұрақты (уақытша) комиссиялардың күн тәртібінің мәселелері бойынша Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының енгізілген шешімдер жобалары бойынша қажетті келісулерді сұрау;
3) депутаттар сауалдарын және депутаттық ұсыныстарды дер кезінде қаралуын және іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар мен мекемелерге сауалдар жолдау;
4) Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихатына жолданған жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындау мерзімдеріне және нәтижесіне бақылау жүргізу;
5) Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен лауазым иелеріне кеңестік-әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастырушылық-техникалық және өзге де көмек көрсету.
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде басқа да құқықтарды және міндеттерді жүзеге асыру.
3. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
21. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының хатшысы (бұдан әрі – аудандық мәслихат хатшысы) жүзеге асырады, ол "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.22. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының хатшысы мәслихаттың сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен сайланады және қызметінен босатылады.
23. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихат хатшысының орынбасарлары болмайды.
24. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихат хатшысының өкілеттіктері:
1) Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеуді ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етеді және сессия төрағасымен бірге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
2) Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихат депутаттарына өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтеріндегі жұмысқа қатысу үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды;
3) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтініштердің қаралуын бақылайды;
4) "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметіне басшылық жасайды, оның қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) сайлаушылардың өтініштері туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихатына ұдайы ақпарат беріп отырады;
6) Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;
7) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес әкiмге сенiмсiздiк бiлдiру туралы мәселеге бастамашылық еткен Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының түпнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;
8) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;
9) Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестіреді;
10) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынастарда Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының атынан өкілдік етеді;
11) Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының шешімдерінің жариялануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуына бақылау жасау жөніндегі іс-шараларды белгілейді;
12) бекітілген заң тәртібімен өз құзыреті шеңберінде "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін мадақтайды, тәртіптік жазалар қолданады немесе алып тастайды;
13) "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауға дербес жауапты болады;
14) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес және Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының шешімі бойынша өзге де функцияларды атқарады.
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының хатшысы болмаған кезде оның өкiлеттiгiн мәслихат сессиясы төрағасының шешiмi бойынша Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының тұрақты комиссияларының бiрiнiң төрағасы немесе аудандық мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады.
25. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке сайланатын және қызметтен босатылатын Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының хатшысы басқарады.
4. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы
мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі
26. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.27. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
28. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.