Ауданның коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу Қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы N 75 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 наурызда N 3175 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 шілдедегі N 222 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 27.07.2015 N 222 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабы 1) тармақшасына, "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға беру) беру Қағидаларының 50 тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген ауданның коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу Қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің орынбасары Р.А.Ғаббасовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күнінен он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап құқықтық қатынастарға тарайды.
      Аудан әкімі Е.Бекшенов

  Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 наураздағы № 75 қаулысына қосымша

Ауданның коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидалары

      1. Осы мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының 50-тармағына сәйкес әзірленді және ауданның коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидаларын айқындайды.
      2. Ауданның коммуналдық заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жылдық жалдау ақысын есептеу осы Қағидалардың № 2 қосымшасына сәйкес тұрғын емес үй-жайдың салыну үлгісі, түрі, қолайлылық дәрежесі, аумақтық орналасуы, жалдаушының қызмет түрі, жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысаны ескерілетін коэффициенттердің қолданылатын базалық мөлшерлемесі мен мөлшерлері негізінде анықталып, мына формула бойынша жүзеге асырылады:
      Ап = Рбс х S х Кт х Кк х Кск х Кр х Квд х Копф,
      мұнда:
      Ап – жылына республикалық заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      Рбс - 1 шаршы метрге жылына теңге жалдау ақысының базалық мөлшерлемесі;
      S - жалға алынатын алаң, шаршы метр;
      Кт - құрылыс үлгісін ескеретін коэффициент;
      Кк - тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін коэффициент;
      Кск - қолайлылық дәрежесін ескеретін коэффициент;
      Кр - аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент;
      Квд - жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент;
      Копф - жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент;
      3. Мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін қоспағанда, жабдықтарды, автокөлік құралдары мен басқа да тұтынылмайтын заттарды мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының есеп айырысуы осы Қағидалардың № 2 қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады:
      Мемлекеттік тұрғын емес жайдың объектілерін қоспағанда, жабдықтарды, автокөлік құралдары мен басқа да тұтынылмайтын заттарды мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге жылдық жалдау ақысы айқындалады:
      Ар = С х К1 х К2,
      Онда Ар – жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      С – бірдей болып қабылданатын, жылдық жалдау ақысының базалық мөлшерлемесі;
      С = (S, бал. х N аморт.), онда:
      Sбал. – жалға берілетін объектінің бастапқы құны;
      N аморт. – тозудың жылдық нормасы, Қазақстан Республикасы Салық кодексіне сәйкес, тіркелген активтердің шекті амортизация нормаларының негізінде айқындалады.
      К1-пайдалану мерзімін ескеретін, коэффициент
      К2-пайдалану талаптарын ескеретін, коэффициент
      4. Кестеде коэффициент болмаған жағдайда, 1,0 тең коэффициент қабылданады.

  Ауданның коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидаларына № 1 қосымша

Ауданның коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде тұрғын емес үй-жайдың салыну үлгісі, түрі, қолайлылық дәрежесі, аумақтық орналасуы, жалдаушының қызмет түрі, жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысаны ескерілетін коэффициенттердің қолданылатын базалық мөлшерлемесі мен мөлшерлері


Базалық мөлшерлемелер
 
Әкімшілік-аумақтық бірлік
Базалық мөлшерлеменің көлемі
1.
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы
Тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген 1,5 айлық есептік көрсеткіш

Коэффициенттер түрі
Коэффициент мөлшері
1
Құрылыс үлгісін ескеретін коэффициент (Кт):
 
1.1 кеңселік
1,0
1.2 өндірістік
0,8
1.3 қойма, гараж, қазандық
0,6
1.4 спорттық ғимараттар (стадиондар, спорттық залдар)
0,7
2
Тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін коэффициент (Кк)
 
2.1 жеке тұрған құрылыс
1,0
2.2 жапсарлас-жанаса салынған бөлігі
0,9
2.3 астыңғы (жартылай жертөле) бөлігі
0,7
2.4 жертөле бөлігі
0,6
 
2.5 ғимараттағы үй-жай
1,0
3
Қолайлылық дәрежесін ескеретін коэффициент (Кск)
 
3.1 барлық инженерлік-техникалық құрылғылары бар үй-жайлар үшін (электр энергиясы, кәріз, сумен қамтамасыздандыру, жылу) коммуникациялардың қандай да бір түрлері жоқ болса, әрбір түрге 0,1-ге азаяды
1,0
4
Аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент (Кр):
 
 
4.1 аудандық орталықтар үшін
1,0
4.2 ауылдық елді мекендер үшін
0,5
5
Жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент (Квд):
 
5.1 брокерлік қызметті жүзеге асыру және кеден қызметтерін көрсету, айырбастау пункттері және қызметі бағалы қағаздар нарығымен байланысты ұйымдар, сақтандыру, инвестициялық компаниялар, нотариалдық кеңселер, адвокаттық кеңселер үшін
3,0
5.2 банктердің, "Казпочта" АҚ есеп айырысу-кассалық орталықтары үшін, коммуникациялық қызмет үшін, соның ішінде байланыс қызметі, автоматтандырылған телефон станциясы
1,4
5.3. білім саласында қызметтерді ұйымдастыру үшін (оқушыларға мектептен тыс, үйірме қызметі, компьютер сыныптары)
0,9
5.4 қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру үшін
1,5
5.5 қонақ үй қызметтерін, сауда немесе сауда-сатып алу (делдалдық) қызметтерін ұйымдастыру үшін
2,5
5.6 оқу орындарында қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру үшін
0,5
5.7 денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларында қызметтерді ұйымдастыру үшін
1,0
5.8. 5.1-5.7-тармақтарда көрсетілген қызмет түрлерін қоспағанда, қызмет түрлері үшін
1,9
6
Жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент (Копф):
 
6.1 сауда-сатып алу (делдалдық) қызметті қоспағанда, өнеркәсіп өндірісін ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін
0,9
6.2 акциялардың мемлекеттік пакетін қолдану және иелену құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік орган жазбаша растаған жағдайда бюджеттік бағдарламаларды орындаудан 90 пайыздан кем емес кіріс алатын акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) үшін
0,8
6.3 қайырымдылық және қоғамдық ұйымдар, коммерциялық емес ұйымдар үшін
0,5
6.4 қалғандары үшін
1,0

  Ауданның коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидаларына № 2 қосымша

р/с №
Коэффициент түрлері
Коэффициент мөлшері
1
Пайдалану мерзімін ескеретін коэффициент К1
 
 
Автокөлік құралдары;
- 1 жылдан 5 жылға дейін пайдаланылғанда
- 5 жылдан артық пайдаланылғанда
1,2
1,0
 
Жабдық және басқа да мүлік
- 1 жылдан 7 жылға дейін пайдаланылғанда
- 7 жылдан артық пайдаланылғанда
1,2
1,0
2
Пайдалану жағдайын ескеретін коэффициент К2
 
 
Автокөлік құралдары, жабдық және басқа мүлікті
- аудан орталығы аумағында пайдаланған кезде
- ауданның басқа аумақтарында пайдаланылған кезде
1,4
1,0

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады