"Ауданның коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу Қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 75 қаулысын күшін жойған деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 шілдедегі N 222 қаулысы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 40 бабы 2 тармағы 2) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Ауданның коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу Қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 75 қаулысы күшін жойған деп танылсын, (Солтүстік Қазақстан облысының әділет департаментімен тіркелген 2015 жылғы 27 наурыздағы № 12 (306) "Солтүстік Жұлдызы" және 2015 жылғы 27 наурыздағы № 13 (7685) "Знамя труда" газеттерінде жарияланған).
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмiнiң орынбасары Р.А.Ғаббасовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкiмi Е. Бекшенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады