"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Мамлют ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2014 жылғы 22 қаңтардағы № 25/2 шешіміне ("Солтүстік жұлдызы" және "Знамя труда" газетінде 2014 жылдың 14 ақпанында жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізлімінде № 2546 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Мамлют ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мамлют ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары
1. Осы Мамлют ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына, "Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2015 жылға арналған республикалық бюджеттен халықты әлеуметтік қорғауға және оған көмек көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту және "Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджеттен халықты әлеуметтік қорғауға және оған көмек көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 ақпандағы № 97 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 82 қаулысына, "Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты мен отбасыға көмектің жеке жоспары нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 88 бұйрығына, Мемлекет басшысының Үкіметтің 2015 жылғы 11 ақпандағы кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 72-тармағына сәйкес әзірленді және Мамлют ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.1. Жалпы ережелер
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша аудан әкімінің шешімімен құратын комиссия;
3) әлеуметтік бейімдеу жөніндегі шаралар - "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабында айқындалған мүгедектерді әлеуметтік оңалту шаралары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен көрсетілетін өзге де мемлекеттік қолдау шаралары түрінде әлеуметтік орта жағдайларына бейімделуі мақсатында ұсынылатын шаралар;
4) ең төменгі күн көріс деңгейі – Солтүстік Қазақстан облысының статистикалық органдары есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төменгі қаржылық табыс;
5) қиын өмір жағдайы – азаматтың тыныс – тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
6) мерекелік күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
7) отбасыға көмектің жеке жоспары (бұдан әрі – жеке жоспар) – уәкілетті орган өтініш берушімен бірлесіп әзірлеген жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімдеу бойынша іс-шаралар кешені;
8) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – айына отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
9) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты – "Өрлеу" жобасына қатысу үшін отбасы атынан әрекет ететін еңбекке қабілетті жеке тұлға мен уәкілетті орган арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;
10) уәкілетті орган – "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар" мемлекеттік мекемесі;
11) уәкілетті ұйым – "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
12) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбаслардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Мамлютка қаласы немесе ауылдық округтер әкімдерінің шешімімен құрылған комиссия құрылатын комиссия;
13) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органмен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан ары - алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай–ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
4. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидада көзделген тәртіппен көрсетіледі.
5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) кезеңмен беріледі (ай сайын, жылына бір рет, 2 жылда бір реттен кем емес).
6. Әлеуметтік көмек көрсетудің атаулы күндерінің, мереке күндерінің, алушылар санаттарының тізбесі, сондай-ақ еселігі және мөлшері Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес белгіленеді.
Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы органмен бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
7. Алушылар санатының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдерін осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес белгіленеді.8. Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызудың түпкілікті тізбесі:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;
2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
3) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты негізінде әлеуметтік көмекті қоспағанда, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ең төмен күнкөріс деңгейіне екі еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы
4) туберкулездің белсенді түрімен ауыратын мұқтаж тұлғаларға, кірістерді есептеусіз жылына бір рет, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
5) Ұлы Отан соғысының қатысушылары және мүгедектеріне коммуналдық қызметтерді төлеу үшін және отын алу үшін табыс кірістерді есептеусіз ай сайын 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
6) Ұлы Отан соғысының қатысушылар және мүгедектеріне және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерге теңестірілген тұлғаларға санаторлық–курорттық емделу үшін жылына бір рет, кірістерді есептеусіз көрсетілген қызмет бағасы мөлшерінде;
7) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерге және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерге теңестірілген тұлғаларға тіс протездеу үшін (бағалы металлдардан және металлокерамика, металлоакриллден протезден басқа), кірістерді есептеусіз 2 жылда бір реттен көп емес көрсетілген қызмет бағасы мөлшерінде;
8) еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің (адамның) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасаған кезінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысқан жағдайда, 60 пайыз ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы;
9) кәмелетке толмағандардың ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы, табыс кірістерді есептеусіз бір жолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
Арнайы комиссия әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы шешім шығару кезінде азаматтарды мұқтаждар санаттарына енгізу үшін негіздеме тізімдерін басшылыққа алады.
9. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін, отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты негізіндегі әлеуметтік көмекті қоспағанда, арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
3. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
10. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауылдық округтың әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;
4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.
11. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
12. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде нысандар бойынша әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
13. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 4, 5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне жібереді.
Ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
14. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
15. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
16. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
17. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
18. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Осы Қағидалардың 14 және 15 тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
19. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
20. Белгіленген негіздемелердің біреуі бойынша әлеуметтік көмек күнтізбелік бір жыл ішінде қайта көрсетілмейді.
21. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы мөлшерінің асып кетуі;
4) Осы Қағидалардың 8-тармағының 8)-тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша азаматтардың отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасаудан бас тартқан жағдайларда жүзеге асырылады.
22. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асыралады.
4. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты негізіндегі әлеуметтік көмекті көрсету тәртібі
23. Әлеуметтік көмек осы Қағидаларға 8-тармағының 8)-тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы мен Солтүстік Қазақстан облысында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызы арасындағы айырма ретінде отбасының әрбір мүшесіне ай сайын немесе үміткердің өтініші бойынша үш айға бір мезгілде көрсетіледі, және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартының қолданылу мерзіміне тағайындалады.24. Әлеуметтік көмек көрсетуге адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш жасаған айдың алдындағы үш айға алынған жиынтық табысты отбасы мүшелерінің санына бөлу арқылы және үш айға есептеп шығарылады.
Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты негізіндегі әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартының қолданылу мерзімі ішінде қайта қаралмайды.
Сонымен бірге жиынтық табыс "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығымен бекітілген мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесіне сәйкес есептеледі (№ 5757 нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген)
25. Отбасының құрамы өзгерген жағдайда, әлеуметтік көмектің мөлшері көрсетілген мән-жайлар орын алған сәттен бастап қайта есептеледі, бірақ оны тағайындаған сәттен бұрын емес.
Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартының негізіндегі әлеуметтік көмектің біржолғы сомасы бұрынғы қарыздарды өтеуге, тұратын жылжымайтын мүлік сатып алуға, сондай-ақ сауда саласындағы қызметтерді жүзеге асыруға арналған шығындардан басқа, әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттерді орындауға байланысты іс-шараларға ғана, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға (үй малын, құсын және т.б. сатып алу), жеке кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға қолданылуға тиіс.
26. Адам (отбасы) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты негізінде әлеуметтік көмек алуға жүгінген кезде жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органның маманы немесе, ауылдық округ әкімі консультация өткізу деңгейіндегі оны көрсету шартын түсіндіреді және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасауға келісім берген жағдайда азаматпен әңгімелесу жүргізеді, оның барысында отбасының (азаматтың) проблемалары туралы, оның өмірлік қиын жағдайдан шығу мүмкіндігі туралы ақпаратты нақтылайды, сондай – ақ алдын ала:
1) Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты негізінде әлеуметтік көмек алу үшін үміткердің алуға құқығы;
2) әлеуметтік бейімделуі бойынша көрсетілетін шаралар түрлерін;
3) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шаралары айқындалады.
Әңгімелесу нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 6, 7-қосымшаларына сәйкес әңгімелесу парағы ресімделеді және өтініш берушінің отбасылық және материалдық жағдайы туралы сауалнама толтырылады.
27. Осы Қағидалардың 8, 9-қосымшаларына сәйкес әлеуметтік келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмекке құқық айқындалғаннан кейін уәкілетті орган өтініш берушіні және (немесе) оның отбасы мүшелерін отбасыға көмектің жеке жоспарын әзірлеу және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасау үшін шақырады.
Бұл ретте, бір жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 28-тармағында көзделген жағдайларды және 1, және 2-топ мүгедектерін, оқушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттарды және күндізгі оқу нысанындағы магистранттарды қоспағанда, өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар санатына жатқызылған өтініш берушілер "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуға жұмыспен қамту орталығына жіберіледі не жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларына жолдама беріледі.
28. Жеке жоспар өтініш берушімен және (немесе) оның отбасы мүшелерімен бірлесіп жасалады және аз қамсыздандырылған азаматтардың тыныс-тіршілік деңгейін арттыру үшін отбасын (азаматты) кәсіптік және әлеуметтік бейімдеудің көзделген іс-шараларынан тұрады, атап айтқанда:
1) уәкілетті орган және (немесе) Жұмыспен қамту орталығының жәрдемдесуімен жұмысты белсенді түрде іздеу және олар ұсынған жұмыс орындарына жұмысқа орналасу;
2) кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан, біліктілікті арттырудан өту;
3) жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру, жеке қосалқы шаруашылық жүргізу;
4) халықтың нысаналы топтарының мерзімдік скринингтік тексеруден өтуі;
5) отбасының құрамында жүктіліктің 12 аптасына дейін әйелдер болған жағдайда, акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымына медициналық есепке тұру және жүктіліктің барлық кезеңінде бақылауда болу;
6) әлеуметтік мәні бар аурулары (маскүнемдік, нашақорлық, туберкулез) болған жағдайда өз еркімен емделу;
7) арнаулы әлеуметтік қызметтерді және (немесе) мүгедектерді оңалту шараларын уақытылы алу;
8) аз қамсыздандырылған отбасының (азаматтың) жеке қажеттілігіне байланысты уәкілітті органның қалауы бойынша айқындалған кәсіптік және әлеуметтік бейімдеу жөніндегі басқа да іс-шаралар.
29. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысу:
стационарлық, амбулаторлық (санаторлық) емделу (тиісті медициналық ұйымдардан растайтын құжаттар ұсынған кезде) кезеңінде;
жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын негізгі үміткерден (үміткерлерден) басқа, адамдардың үш жасқа дейінгі балаға, он сегіз жасқа толмаған мүгедек балаға, бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, сексен жастан асқан қарттарға күтім жасауды жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін міндетті шарт болып табылады.
30. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты алты айға, бірақ отбасы мүшелерінің әлеуметтік бейімделуін ұзарту қажет болған және (немесе) отбасының еңбекке қабілетті мүшелері кәсіптік оқуын аяқтамаған және (немесе) жастар практикасынан өткен және (немесе) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтылған жағдайда бір жылдан асырмай алты айға ұзарту мүмкіндігімен жасалады.
Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты ұзартылған жағдайда, әлеуметтік көмек мөлшері қайта қаралмайды.
31. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты екі данада жасалады, оның біреуі өтініш берушіге осы тіркеу журналына қол қойғызып беріледі, екіншісі – уәкілетті органда сақталады.
32. Уәкілетті орган барлық кезеңде отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын сүйемелдеуді және жеке жоспардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ оның тиімділігіне бағалау жүргізеді.
5. Ұсынылатын әлеуметтік көмекті қайтару және тоқтатуына негіздеме
33. Әлеуметтік көмек:1) алушы қайтыс болған;
2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
5) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты бойынша міндеттемелерді бұзған және (немесе) орындамаған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
34. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.
6. Қорытынды ереже
35. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.36. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты негізіндегі әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Әлеуметтік көмек" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.
Мамлют ауданың әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларына 1-Қосымша |
Мамлют ауданың әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларына 2-Қосымша |
Алушылар санаттарының тізбесі, әлеуметтік көмектің шекті көлемі, табиғи зіл-зала немесе өрт салдарынан өмірдің қиын жағдайлары туындаған жағдайда әлеуметтік көмекке өтініш беру мерзімдері
Мамлют ауданың әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларына 3-Қосымша |
нысан
Өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер
(Өтініш берушінің Т.А.Ә.) (үйінің мекенжайы, тел.)
Р/с № | Отбасы мүшелерінің Т.А.Ә. | Өтініш берушіге туыстық қатынасы | Туған жылы |
| | | |
| | | |
| | | |
Отбасының құрамы туралы
мәліметтерді куәландыруға уәкілетті
органның лауазымды адамының Т.А.Ә. _____________________ (қолы)
Мамлют ауданың әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларына 4-Қосымша |
нысан
Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру
АКТІСІ
1. Өтініш берушінің Т.А.Ә._____________________________________________
2. Тұратын мекенжайы _________________________________________________
3. Өтініш беруші әлеуметтік көмекке өтініш берген туындаған өмірлік қиын жағдай ____________________________________________________________________________
4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) ______ адам, оның ішінде:
Еңбекке жарамды барлығы _______ адам.
Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері _____ адам.
Балалардың саны:______жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар ____ адам, оқу құны жылына ______ теңге.
Отбасында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің, Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілгендердің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары (қатерлі ісіктер, туберкулез, адамның иммунитет тапшылығы вирусы) бар адамдардың, мүгедектердің, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу керек) _________________________________________________________________
5. Өмір сүру жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзгеше – көрсету керек):_______________________________
Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар: _______________________________
Отбасының табысы:
6. Мыналардың: автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс) ________________________________________________________________________ қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге де тұрғын үйдің болуы (оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)_____________________________________________________
7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі):_________________
8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі):________________________
9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз етілуі______
10. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы ______
Комиссия төрағасы:
________________________ ________________________
Комиссия мүшелері:
________________________ _________________________
________________________ _________________________
________________________ _________________________
(қолдары) (Т.А.Ә.)
Жасалған актімен таныстым: _________________________________
Өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы
Тексеру жүргізілуден бас тартамын _____________________ өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) Т.А.Ә. және қолы, күні _____
_______________________________________________________________
(өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)
Мамлют ауданың әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларына 5-Қосымша |
нысан
Учаскелік комиссияның №__ қорытындысы
Учаскелік комиссия Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына сәйкес өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамның (отбасының)
____________________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)
өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар және өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелерінің негізінде
__________________________________________________________________
(қажеттілігі, қажеттіліктің жоқтығы)
адамға (отбасыға) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады
Комиссия төрағасы: __________________ _______________________
Комиссия мүшелері: __________________ _______________________
__________________ _______________________
__________________ _______________________
(қолдары) (Т.А.Ә.)
Қорытынды
қоса берілген құжаттармен __ данада
20__ж. "__" ___ қабылданды
Құжаттарды қабылдаған кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің немесе уәкілетті орган қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы, қолы_____________________________
Мамлют ауданың әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларына 6-Қосымша |
нысан
Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты негізінде әлеуметтік көмек алу үшін әңгімелесу парағы
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі маманының Т.А.Ә.
_____________________________________________________________________
Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты негізінде әлеуметтік көмек алуға жүгінген күн _____________________________
Отбасының (жалғыз тұратын азаматтың) сипаттамасы: ___________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Отбасының жұмыс істемейтін ересек мүшелерінің еңбек қызметі (жұмыс
орны, лауазымы, жұмыстан шығу себептері):
Еңбек қызметінің мүмкіндіктері (пікір):
Өтініш беруші: ______________________________________________________
Зайыбы
(жұбайы): ___________________________________________________________
Отбасының басқа да ересек мүшелері: _________________________________
Отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынас ____________________________
_____________________________________________________________________
Отбасындағы қиындықтар ______________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Отбасының мүмкіндіктері (әлеуеті) – жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі маманының бағасы _______________________________
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Проблемалар, алаңдаушылық (бүгінгі күннің қиындықтары), не кедергі келтіреді ______________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Отбасының (жалғыз тұратын азаматтың) қалауы _________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Басқа _______________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Тараптардың қолы
Жұмыспен қамту және әлеуметтік Қатысушы(лар)
бағдарламалар бөлімі
___________________ (қолы) _________________ (қолы)
___________________ (күні) _________________ (күні)
Мамлют ауданың әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларына 7-Қосымша |
нысан
Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты негізінде әлеуметтік көмек алу үшін қатысуға өтініш берушінің отбасылық және материалдық жағдайы туралы сауалнама
* Отбасының тұрғын үй-тұрмыстық жағдайы:
тұрғын алаңы: __________ шаршы метр; меншік нысаны: _______________;
ас үй, қойма және дәлізді есептемегенде бөлмелер саны _______;
тұрғын үйдің сапасы (қалыпты жағдайда, ескі, авариялық жағдайда, жөнделмеген);
қажеттісінің астын сызу
үйдің материалы (кірпіш, ағаш, қаңқа-қамыстан жасалған, саман, іргетасы жоқ саман, қол астындағы материалдардан салынған, уақытша баспана, киіз үй);
қажеттісінің астын сызу
тұрғын үйдің жайластырылуы (су құбыры, дәретхана, кәріз, жылу, газ, жуынатын бөлме, лифт, телефон және т.б.)
қажеттісінің астын сызу
_____________________________________________________________________
Менің отбасымның мүшелеріне меншік құқығында тиесілі жылжымайтын мүлік пен мүлік, жер учаскесін, шаруа қожалығын, жеке қосалқы шаруашылықты иеленуі туралы мәліметтер:
Мүліктің түрі | Мүліктің сипаттамасы (саны, көлемі, үлгісі және т.б.) | Тиесілігі |
| | |
| | |
диспансерлік есепте тұра ма), соңғы жылдары болған операциялар немесе
жарақаттар:____________________________________________________________________
өтініш беруші _________________________________________________________________
зайыбы (жұбайы) _______________________________________________________________
балалар_________________________________________________________________________
басқа да туысқандар______________________________________________________________
16 жасқа дейінгі мүгедек бала (16 жасқа дейінгі мүгедек балалар)
алатын арнаулы әлеуметтік қызметтер:_____________________________________________
Отбасының материалдық жағдайына Сіздің беретін бағаңыз:
тамақтануға да жетпейді
тамақтануға ғана жетеді
тамақтануға және бірінші қажеттіліктегі заттарға ғана жетеді
балаларды киіммен, аяқ киіммен және мектеп керек-жарақтарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік жоқ
Өмірдегі қиын жағдайдан шығуды көздейтін қызметтің бағыттары (өтініш берушінің пікірі)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Сіз жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қандай белсенді шараларына қатыса аласыз:
бос тұрған жұмыс орындарына жұмысқа орналасу;
іске асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалардың шеңберінде жұмыс орындарына орналасу;
микрокредит беру;
кәсіптік оқу (даярлау, қайта даярлау, біліктілікті арттыру);
әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасу;
"Жастар практикасына" қатысу;
әлеуметтік-экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден әлеуметтік-экономикалық әлеуеті жоғары елді мекендерге және экономикалық даму орталықтарына қоныс аударуға қатысу.
________________________________________________________________________________
__________ ____________________ _________________
(күні) (Т.А.Ә.) (қолы)
Мамлют ауданың әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларына 8-Қосымша |
нысан
Отбасыға көмектің ЖЕКЕ ЖОСПАРЫ
Уәкілетті орган _____________________________________________________
Көмекті алушы: ______________________________________________________
(Т.А.Ә. (болған кезде), тұратын мекенжайы)
Келісімшарттың қолданылуы басталған күн: ____________________________
Келісімшарттың қолданылуы тоқтатылған күн: __________________________
Қажетті іс-әрекеттер:________________________________________________
_____________________________________________________________________
№ | Т.А.Ә. (болған кезде) | Іс-шаралар | Орындалу мерзімі | Жауапты маман | Көмекті, қызметті ұсынатын орган (мекеме) | Күнін көрсете отырып, орындалуы туралы белгі | Нәтижесі і (бағалау) |
1 | | | | | | | |
2 | | | | | | | |
Қажетті өзара іс-әрекеттер:
- жұмыспен қамту органымен ____________________________________
- денсаулық сақтау органымен __________________________________
- басқа да байланыстар ________________________________________
Әлеуметтік жұмыс жөніндегі
консультанттың қолы:___________________ Күні: _____________
(Кезеңдер саны отбасындағы нақты жағдайлар мен бейімдеу бағдарламасына байланысты)
Берілетін көмектің түрлері:
Ай сайынғы жәрдемақы | Біржолғы төлем | Жергілікті бюджеттің есебінен іске асырылатын өзге де көмек түрлері |
| | |
| | |
Шығын сметасы:
Сатып алынған техниканың, жабдықтардың және басқа да атаулары | Сомасы, мың теңге |
| |
| |
Барлығы: | |
Келісімшарт жасалғанға дейін | Келісімшарттың қолданылу мерзімінің аяқталуы бойынша | |
әлеуметтік көмек мөлшерін қоса есептегенде | әлеуметтік көмек мөлшерін есептемегенде | |
| | |
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі:
_____________________________________________________________________
Уәкілетті өкілдің (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
_____________________________________________________________________
(қолы)
Мамлют ауданың әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларына 9-Қосымша |
нысан
Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты
(жасалған орны)
Бұдан әрі "жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" деп аталатын _________________________________________________ атынан
(уәкілетті органның атауы)
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), уәкілетті өкілдің атқаратын лауазымы)
_____________________________________________________________________
бір тараптан және бұдан әрі "қатысушы" деп аталатын "Өрлеу" жобасына қатысушы отбасы атынан азамат ___________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі, құжаттың сериясы, нөмірі, кім және қашан берді)
____________________________________________ мекенжай бойынша тұратын екінші тараптан "Өрлеу" жобасына қатысуға отбасының белсенділігін арттырудың осы әлеуметтік келісімшартын (бұдан әрі - келісімшарт) төмендегілер туралы жасасты:
1. Келісімшарт мәні
2. Келісімшарт тараптарының міндеттері
1) қатысушыға және (немесе) оның отбасы мүшелеріне, отбасының еңбекке қабілетті мүшелері жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысқан жағдайда отбасының_____мүшесіне:
______________________________________________________________________________
(отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
_______________ __________ бастап ____ дейінгі кезеңге ай
сайын _________(_________________________________________) теңге мөлшерінде
(сомасы жазбаша) және (немесе) бір жолғы________(________________________________) теңге мөлшерінде
(сомасы жазбаша)
(жеке қосалқы шаруашылықты дамыту (үй малын, құсын сатып алу және т.б.), жеке кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру) әлеуметтік көмекті төлейді;
2) келісімшарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Отбасыға көмектің жеке жоспарына (бұдан әрі - Жеке жоспар) сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімдеу (қажет болған жағдайда) бойынша іс-шаралар ұсынуды ұйымдастырады;
3) отбасының (адамның) өзін-өзі қамтамасыз етуге өтуіне ықпал және келісімшартты іске асыру мерзімі ішінде сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
4) Жеке жоспарда көзделген іс-шараларды іске асыруға жұмылдырылған басқа да ұйымдармен өзара іс-әрекетті жүзеге асырады;
5) қатысушының және (немесе) оның отбасы мүшелерінің Жеке жоспарды орындау бойынша (өзі немесе ассистенттерді тарта отырып) келісімшарттың міндеттемелерін орындауына тоқсан сайын мониторинг жүргізеді.
3. Қатысушы және (немесе) оның отбасы мүшелері:
1) келісімшарт талаптарын және Жеке жоспар бойынша іс-шараларды толық көлемде орындайды және өмірлік қиын жағдайдан шығу жөнінде белсенді іс-әрекеттер қабылдайды;
2) жұмыспен қамту орталығымен жасалған әлеуметтік келісімшарт (келісімшарттар) талаптарын орындайды;
3) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысу нәтижесінде жұмыспен қамту орталығы және (немесе) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұсынған жұмыс орнына жұмысқа орналасады;
4) скринингтік тексеруден өтуі, әлеуметтік мәні бар аурулары (маскүнемдік, нашақорлық, туберкулез) болған жағдайда емделуі тиіс, сондай-ақ жүктілігі кезінде уақытында жүктіліктің 12 аптасына дейін әйелдер консультациясында тіркеуге тұрып және жүктіліктің бүкіл кезеңі ішінде бақылауда болады;
5) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне әлеуметтік көмек тағайындауға және оның мөлшеріне әсер ететін жағдайлар туындауы туралы ақпаратты көрсетілген жағдайлар туындаған күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде ұсынады;
6) банк шотының нөмірі, тұрғылықты жері өзгерген жағдайда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тиісті өзгерістерді растайтын құжаттармен осы өзгерістер туралы өтініш беру жолымен хабарлайды;
7) әлеуметтік көмекті заңсыз тағайындауға әкеп соқтырған жалған мәліметтер ұсынғаны анықталған жағдайда заңсыз алынған ақшалай қаражатты ерікті түрде қайтарады;
8) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен, кенттің әкімімен, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультантпен және келісімшартты сүйемелдеуді жүзеге асыратын ассистентпен (жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен, кент әкімімен келісім бойынша) өзара іс-қимыл жасайды, келісімшарттың орындалу барысы туралы барлық мәліметтерді ұдайы ұсынады.
3. Тараптардың құқықтары
1) отбасының (адамның) және оның отбасы мүшелерінің мұқтаждығын тексеру және айқындау үшін үшінші адамдардан (кәсіпорындардан, салық органдарынан және басқа да ұйымдардан) олардың табыстары мен мүлкі туралы қосымша мәліметтер сұратады;
2) отбасының (адамның) материалдық жағдайын тексереді;
3) алынған ақпаратты әлеуметтік көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы мәселені шешу кезінде пайдаланады;
4) егер отбасы (адам) жұмыспен қамту орталығымен жасалған келісімшарттың және әлеуметтік келісімшарттың міндеттемелерін орындамаса, әлеуметтік көмек төлеуді тоқтатады;
5) келісімшарттың уақтылы және тиісінше орындалуын талап етеді;
6) келісімшарт шеңберінде өзге де мәселелерді шешеді.
5. Қатысушы:
1) келісімшартта және Жеке жоспарда көзделген әлеуметтік қолдау шараларын алады;
2) келісімшарттың уақтылы және тиісінше орындалуын талап етеді;
3) отбасы құрамының өзгеруіне байланысты әлеуметтік көмек қайта есептеуді талап етеді;
4) Жеке жоспар іс-шараларының орындалуымен байланысты консультация мен ақпарат алады.
4. Келісімшарттың талаптарын орындамағаны үшін тараптардың жауапкершілігі
7. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен жұмыспен қамту орталығы отбасына (адамға) келісімшартта және әлеуметтік келісімшартта, сондай-ақ Жеке жоспарда көзделген көлемде әлеуметтік қолдау көрсетуге жауапты болады.
8. Осы келісімшартты және әлеуметтік келісімшартты сүйемелдеуді және оның мониторингін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен жұмыспен қамту орталығы жүргізеді.
9. Келісімшарт талаптарын орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
5. Күтпеген жағдайлар
11. Күтпеген жағдайлар туындаған кезде осы келісімшартқа сәйкес қандай да болсын міндеттемелердің орындалуы осындай жағдайлардың туындауына байланысты мүмкін болмаған тарап күтпеген жағдайлар басталған немесе аяқталған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.
12. Осы келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі күтпеген жағдайлар орын алған, сондай-ақ осы жағдайлардан туындаған салдардың әрекеті барысына шамалас уақытқа кейінге шегеріледі.
13. Егер күтпеген жағдайлардың туындауына байланысты тараптардың осы келісімшарт бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара орындай алмауы (кезеңді көрсету) асатын болса, тараптар осы келісімшартты бұзуға құқылы.
6. Өзге де талаптар
15. Келісімшарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 20____ жыл қоса қолданылады.
16. Келісімшартты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі отбасы (адам) осы келісімшарттың және жұмыспен қамту орталығы мен отбасының еңбекке қабілетті мүшелері арасында жасалған әлеуметтік келісімшарттың талаптарын орындамаған кезде бір жақты тәртіппен бұзылады.
17. Осы келісімшарт бірдей заңды күші бар екі данада жасалған.
7. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері